Мен мектепке барамын. Қосамын және азайтамын.

Башпенова Кулжаһан Юсупбекқызы
Білім саласы: Таным
Білім бөлімі: Математика негіздері
Тақырыбы: Мен мектепке барамын. Қосамын және азайтамын.
Мақсаты: Балалардың қарапайым математика дағдыларын қалыптастыра отырып, сандар жайлы, қосу және азайту туралы түсініктерін тереңдете түсу. Баланың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Зейінін, ақыл-ойын белсенділігін арттыру, тез ойлауға, шапшаң есептеуге үйрету.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, сандар, қосу, азайту таңбалары.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

Оқу іс-әрекет кезеңдері  
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық ынталандыру кезеңі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жаңа тақырып бойынша
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Рефлексивті түзетушілік кезеңі
Шаттық шеңбері
Қош келіпсіз ұстаздарым апайлар!
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар!
Алдарыңнан жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар!
Еліміз аман болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Береке бірлік болсын!
Ақылды тәртіпті болайық!
Үлкенді сыйлайық!
Деніміз сау болсын!
Бәріміз дос болайық!
Жарайсыңдар балалар, орнымызға жайғасайық.
Ғажайып сәт:
Есікті біреу қағады.
— Балалар, тыңдаңдаршы, біреу есік қағып тұрған сияқты.
— Тәрбиеші есікті ашып қарайды.
— Есік алдында хат жатады.
— Тәрбиеші хатты алып, балаларға оқиды.
Сендерді жақсы, ақылды, мектепке баруға дайын балалар деп естідім, солай ма балалар?
Бүгін мен сендерге көп тапсырмалар жібердім, осы тапсырмаларды орындасаңдар, сендер мектепке қабылданасыңдар.
— Балалар, осы хатты кім жазса да келісеміз бе?
— Ендеше, балалар
1- тапсырма сұрақ-жауап
— Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс айларын атаңдаршы?
 
— Бір жылда неше ай бар?
— Бір аптада неше күн бар?
— Олар қалай аталады?
— Балалар біз қандай сандармен таныстық?
 
— Қәне тура, кері санайықшы.
Жарайсыңдар, балалар! Ендеше балалар, бүгін сендермен сандарды қосу мен азайтуды үйренеміз.
2 — тапсырма логикалық есептер
Айгүлде үш мысық
Айнұрда екі мысық
Қосқанда барлығы
Болады неше мысық?
 
Жүзіп жүр төрт аққу
Ұшып жүр екі аққу
Қосқанда екеуін
Болады неше аққу?
 
Күн шуақта бес күшік
Келді тағы үш күшік
Нешеу болды сен сана?
 
Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма
Бесеуінде жеп қойсам
Қалады сонда неше алма?
 
Он алманың бесеуін
Досым сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
 
3-тапсырма «Көршісін тап»
Мұнда сандар жазылған ұяшықтар бар. Санның алдында, артында бос ұяшықтар бар. Сол ұяшықтарға санның көршісін тауып жазыңдар.
 
4- тапсырма салыстыру
Сурет бойынша заттардың қайсысы көп, қайсысы аз екенін анықтау. Салыстыру таңбасын қою.
 
Сергіту сәті
5-тапсырма «Кім тапқыр» ойыны
Есептердің жауабын сызық арқылы қосу.
1+2=3
9+1=8
6-2=4
5+1=6
2+3=5
3+4=7
6-тапсырма «Кім тез есептейді» ойыны
Шарты: балалар тақтада суреттерден құралған мысал есептерді жылдам шығаруы тиіс.
 
Қорытынды: Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманың барлығын дұрыс орындадыңдар. Сендерге көп рахмет.
Бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметі сендерге ұнады ма?
Балалар, мен сендерге жақсы деген баға бере отырып, мынадай смайликтер таратамын.
 
Балалар шаттық шеңберін орындады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ия
 
 
4
Қыс
Желтоқсан, қаңтар, ақпан
12 ай бар
7 күн
Апта күндері
1-ден 10-ға дейінгі сандармен
 
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
10,9,8,7,6,5,4,3,2,1
 
 
 
 
 
3+2
 
 
 
 
4+2
 
 
 
5+3
 
 
 
 
5-5
 
 
 
 
10-5
 
 
 
Ұяшықтарға санның көршісін тауып жазады.
 
 
 
Салыстырады
 
 
 
Балалар сергіту жаттығуларын орындайды.
 
 
 
Балалар тапсырманы мұқият тыңдап, орындауға кіріседі.
 
 
 

 
Күтілетін нәтиже: Балалар сандарды салыстыруды біледі. Тура және кері санай алады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.