Жануарлар қайда мекендейді?

Ералиева Гульнара Баймуратовна

ТАҚЫРЫБЫ: Жануарлар қайда мекендейді? Мектеп: Абай атындағы №31 жом
Күні: 14.10.2021ж Педагогтің аты-жөні: Ералиева Гүлнар
Сынып/топ: МАД
 
Қатысқандар саны: 15 Қатыспағандар
саны: 1
ҰОҚ-нің оқу мақсаттары 0.1.3.2. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды атап, сипаттау.
Күтілетін нәтиже Барлық тəрбиеленушілер:
үй және жабайы жануарларды;
•  жайлауда жайылатын жануарларды;
•  жануардың сыртқы түрін суреттейді.
Көпшілік тəрбиеленушілер:
азақстанда өсірілетін үй жануарларын;
• Қазақстан аумағында мекендейтін жабайы жануарларды;
• Жабайы және үй жануарларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
«Жабайы өсетін өсімдіктер», «бөлме өсімдіктері» ұғымдарына анықтама береді;
• Үй жануарларының мекендейтін ортасын;
• Жабайы жануарлардың мекендейтін ортасын айтады.
Тілдік мақсат Дағдыларды дамыту.
«Үй және жабайы жануарлар» ұғымдарын түсіндіру; жабайы жануарлардың үй жануарлары-
нан қандай айырмашылығы барын талқылау; жабайы және үй жануарлары қоғамдастығының
өкілдері туралы қысқа әңгімелер құрастыру. Болжамдар ұсыну.
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Үй жануарлары, жабайы жануарлар, зоология, мекендейтін жері, қора, орман, тағам, жем.
Көптілділік:
мекен – обиталище – habitation
Талқылау үшін сұрақтар:
Үй жануарлары туралы не білесіңдер?
Не себепті үй жануарлары деп аталады?
Жабайы жануарлар туралы не білесіңдер?
Үй жануарларының жабайы жануарлардан айырмашылығы неде?
Өткен ҰОҚ
алған білім
Жабайы және үй жануарлары туралы, олардың айрықша ерекшеліктері туралы түсініктер; жануарлар денесінің құрылысын білу; жануарлардың мекендейтін жерлері, адамның үй жануарларын күтуі туралы қарапайым түсініктер.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Дұрыс əсерлі
көңіл күй орнату.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҰОҚ-нің тақырыбы
бойынша жұмыс
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
IV. ҰОҚ-нің
қорытындысы.
Рефлексия.
 
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбер
Білер қазақ баласы
«Сәлем»- сөздің анасы
Алдымызда кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз
-Күз мезгілі неше кезеңге бөлінеді?
-Үш.Ерте күз,алтын күз,қара күз.
-Балалар күз айларын білесіңдер ме?
-Қыркүйек,қазан,қараша.
-Күзде қандай өзгерістер болады?
-Күн суытады,
жапырақтар сарғайып жерге түседі.
-Ендеше балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Кезекті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар
Желп-желп етіп сақалы
Қолыңнан дәм татады
Көкке шаншып құрығын
Келеді шауып жүйрігім
Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Ит сияқты пішіні
Ұнатпайды кісіні
Жазда қырады
Қыста тынығады
Тұмсығы ұзын қандай аң?
Арадан қорқатын аң?
Ең сүйкімді  қандай аң?
Балалар осылардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
Ендеше бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы- «Жануарлар қайда мекендейді»
Жануарлар тірі табиғаттың негізгі бөлігі.
Жануарлар екіге бөлінеді.Үй жануарлары және жабайы жануарлар.
Жабайы аңдар табиғи жағдайда өз бетімен тамағын тауып,тіршілік ететін жануарлар.
 «Жануарлар қайда мекендейді?»
Жануарлар туралы әңгімелеу.Суретке қарап жануарлардың мекенін көрсету.
Үй жануарлары туралы (бейнежазба)           
Әліппе дәптер
27 беттегі 2-ші тапсырманы орындау.
Жануарлардың мекенін табу
Суретпен жұмыс
Балалар суретке қарап жануарлар туралы әңгіме құрайды.Тақпақтарын айтып,ағылшын,орыс тілінде аудармасын айтады.Жануарлардың төлдерін айтады.
Проблемалық сұрақ
Неліктен ит пен қасқыр бір-біріне ұқсас?
Айырмашылығы неде?
«Өзекті мәселе»
Салыстыр.
Түйе мен пілді қандай топқа жатқызуға болады?
Тақпақтар
Ақ бұзауым ұнайды
Мө-мө деп сүт сұрайды
Келеді өсіп күн сайын
Тұмсығын созып қарайды
«Қорегін тап» ойыны
Суреттегі жануарлардың қорегін сызу арқылы жалғастырады
Сергіту сәті
Ормандағы аю,қонжық
Ұялардан бал іздеді
Мойындарын оңға бұрды
Мойындарын солға бұрды
Орман ішін аралады
Ағаштарды шайқап көрді
Оңға бір,солға бір
Ағаштарды байқап көрді
Аяқтарын көтеріп ап
Қуанғаннан билей берді
Оңға бір,солға бір
Қуанғаннан билей берді
Жануарлар айтысы
Әліппе дәптер
Ерекшелігін ажырату
25 беттегі  2-ші тапсырманы орындау.
Бұлар қандай жануарлар?
Қорытынды:
-Балалар бүгін біз не өттік?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
-Сендерге ашық ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма?
Жанурлар туралы алған білімдерін пысықтау.
Жануарлардың төлдерін атау.
Қайда мекен ететінін пысықтау.
Ағылшын,орыс тіліндегі аудармаларын сұрау.
-Балаларды мақтау,мадақтау.
 
 
 
 
 
Жыл мезгілдерінің суреттері
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жануарлардың суреттері
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жануарлардың суреттері
 
 
 
 
 
 
Интерактивті тақта
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әліппе дәпте
 
 
 

 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.