Тәрбиеші болу-бақыт

СмаиловаГульмира Тулековна
«Тәрбиеші болу-бақыт»
Тренинг мақсаты: Тәрбиеші қауымының қабілетін, ынта-жігерін, қызығушылығын, шығармашылығын, біліктілік дағдыларын арттыру. Тәрбиеші мәртебесінің артуы ең алдымен, «Тәрбиеші-  ұлы есімге» қаншалықты лайықты болуына байланысты. Бұл есімге ие болудың өзі бір бақыт. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған елдің тәрбиешісіне қойылатын талап та жоғары. Олар білімді, білікті, өз ісінің шебері болуымен бірге жеке басының мәдениеті, парасаттылығы, адамгершілік тұлғасы тұрғысында балаға үлгі боларлықтай биіктен көрінуі шарт.
Алдымен барлығымыз дөңгеленіп отырып бір-бірімізбен амандасып алайық.
І. «Көрші» жаттығуы.
     Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылулық сыйлау.
Нұсқаулық: Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып.
Оң жақтағы көршіңе оң көзіңді,
Сол жақтағы көршіңе сол көзіңді қысып
Бүгінгі тренинг барысы
Біз үлкен отбасы деп бір-бірімізбен амандасып алайық.
   ІІ. Топтық жұмыс. (Таңдаған түстеріне байланысты қатысушылар топқа бөлінеді)
1-топ – «Білімді тәрбиеші» тақырыбы;
2-топ – «Шығармашыл тәрбиеші» тақырыбы;
3-топ – «Мейірімді тәрбиеші» тақырыбы;
4-топ – «Жаңашыл тәрбиеші» тақырыбы.
1) Әр топ өз тақырыбын ғылыми тұрғыда қорғайды. Бұл ұғымның мәні нені білдіреді, мағынасын ашу қажет;
2) Практикадан қолдану түрлерін көрсету;
3) Өлең шығару немесе сурет салу.
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы қорғап, таныстырады.
   ІІІ. Біз қандай тәрбиешіміз?
Әр топтан бір адамнан шығып (есіктің сыртына) бір жануарды мимика арқылы басқа топтарға таныстыру керек. Қалған топ мүшелері барынша ол қандай жануар екенін таба алмай әртүрлі сұрақтармен алдаусырату қажет. Бұл тренинг арқылы тәрбиешінің шыдамдылығы, ұқыптылығы, табандылығы, сабырлылығы, білімділігі аңғарылады. Жақсы бейнеленген топ үшін «үш шапалақ» соғылады.
 
   ІҮ. Жылқы тесті
  «Сіз қандай жұмысшысыз?»
Нұсқау: Суретте жылқының силуэті бейнеленген. Сіздің міндетіңіз – осы картинаны аяқтау, оның сырт келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фонды салу. Атқа жағымды, жайлы жағдай жасаңыз.
Бұл тестте жылқы-өзіңізсіз. Бұл түсінікті де, өйткені көп жұмыс істейтін адамдарды жұмысшы жылқылар деп те атайды. Сіздің жылқының сырт келбетін қалай бейнелегеніңізден сіздің қандай жұмысшы екендігіңізді көруге болады.

  • Егер сіз жылқының сырт келбетіне назар аударсаңыз (тұяғын, жалын, және құйрығын салсаңыз), онда сіз еңбектене білесіз, бірақ жұмысты бір арнада істемейсіз. Бірақ сіз еңбекқор адам емессіз.
  • Егер сіз жылқының бет әлпетіне басты назар аударсаңыз (көзін, тұмсығын, аузын, кекілін, т.б. салсаңыз), онда сізде жұмысқа романтикалық қатынас басым, сізде иллюзиялар мен үміттер толы. Сіз бұрын еш жерде жұмыс істемеген өте жас маман болуыңыз да ықтимал. Егер сіздің жасыңыз үлкен болса, онда шаттану, қуану сізге тән.
  • Егер сіз жылқының әрбір қылын салсаңыз, ұсақ-түйек нәрсеге көп уақыт жұмсасаңыз, бұл сіздің тер төгуді қажет ететін еңбек атқаруды ұнататындығыңызды білдіреді. Барлық нәрсені дер кезінде орындайсыз. Өзіңізге және басқаларға сын көзбен қарайсыз. Сізге кез келген жұмысты сеніп тапсыруға болады, сіз бастаған жұмысыңызды соңына дейін жеткізетін өте еңбекқор адамсыз. Бірақ та сізбен бірге істеу қиын, өзіңіздің бірбеткейлігіңізбен адамды шаршатасыз.
  • Егер Сіз жылқыны шөпке немесе алаңға қойсаңыз, бұл сіздің жақсы жағдай жасалған жерде жұмыс істегіңіз келетіндігіңіздің белгісі, сіз тұйықтарды, шектеу қоятын жұмыстарды ұнатпайсыз. Тәуелсіз болғанды қалайсыз.
  • Егер сіз жылқыға жүген салсаңыз немесе қамыт кигізсеңіз, онда сізге қысыммен жұмыс істеген ұнамайды.
  • Егер сіз жылқының алдына суы бар тегеш немесе жем қойсаңыз, онда бұл сіздің жұмыс істеуіңіз үшін жақсы жағдайдың жасалуын қажет еткендігіңіздің белгісі.
  • Егер сіз жылқыға салт атты адамның суретін салсаңыз, онда сіз өз бетіңізше жұмыс істей алмайсыз, біреудің бағыт беруімен немесе әмірімен, жетегімен жүресіз. Сізге біреудің сізді басқарғаны ұнайды.

   
Ү. «Табиғат мінезі» жаттығуы
Кәне, бәріміз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәймен қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдындағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет боран басталды – енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ асты – жәй ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың сіркірегеніндей жаймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды-біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтардың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді.
   ҮІ. Жақсы ұйымдастылған оқу қызметін дайындау рецептісі.
Ұйымдастырылған оқу қызметі:

  • 12 порция ақылдылық
  • 11 порция шыдамдылық
  • 10 порция батылдық
  • 9 порция жұмыс қабілеттілік
  • 8 порция оптимизм
  • 7 порция өз ісіңе берілушілік
  • 6 порция ойлануды
  • 5 порция мейірімділік
  • 4 порция демалыс пен денсаулық туралы ойды
  • 3 порция әзіл-қалжың
  • 2 порция такт
  • 1 порция әр балаға үміт қосыңыз.
  • Ескерту: Өз ұйымдастырылған оқу қызметінің дәмді және тәтті болуы үшін, 1 қасық жақсы

көңіл күй, бір шым-шым шыдамдылық, дәміне қарай ойындар қойыңыз және бетіне жақсы мейірімді әзілді себіңіз. Өз тағамыңызды жайдары күлкіңізбен, қуаныштың белгісімен әрлеңіз. Осы рецептіні үнемі пайдаланыңыз, ингридиенттерін үнемі қолданыңыз. Астарыңыз дәмді болсын, қымбатты әріптестер! Тәрбиеші еңбегіне және шығармашылығына деген тәбеттеріңіз ашылсын! Көңілдеріңіз әрқашан көтеріңкі болсын! Көңілі көтеріңкі тәрбиешінің еңбегі де жемісті болады.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.