Инфляция және жұмыссыздық ашық сабақ талдамасы
Қызылорда медициналық жоғары колледжі
«Бекітемін»
«Әдістемелік бөлім» меңгерушісі
____________Жундабекова С.С.
«____» ___________2021ж.
Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Инфляция және жұмыссыздық
Модуль /пән атауы: Денсаулық сақтаудағы экономика және құқық негіздері
Дайындаған педагог: Усманова А.С.
2021 жылғы «11» қараша
1.Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ: М47 топ, І курс 2021-2022 оқу жылы
Сабақ типі: құрама, жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО стратегиясы ,түсіндіру, топпен жұмыс, «Ақылдың 6 қалпағы» Де-боно әдісі, ДЖИГСО әдісі, мәтінмен жұмыс
- Мақсаты, міндеттері
Сабақ мақсаттары | Инфляция туралы білім алушылардың білімін кеңейту және жүйелеу, оның мәні мен түрлерін ажырату. Жұмыссыздықтың мәні мен түрлерін анықтау, әлеуметтік-экономикалық зардаптарын зардаптарын білу. Инфляция және жұмыссыздықпен күрес шараларын анықтау. Қазіргі инфляция мен жұмыссыздықтың ерекшеліктерін, өзгеру динамикасын қарастырып, зерттеу. |
Сабақ міндеттері | Студенттердің ойлау, топпен жұмыс істеу, өз бетінше қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, оқушы бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін шыңдау. Инфляция мен жұмыссыздық мәселелерін түсіндіру, олардың ел экономикасына тигізетін пайдасы мен зиянын студенттерге жеткізу. |
Бағалау критерийлері | Инфляция, жұмыссыздық көрсеткіштерін салыстырып, өз түсінігін қалыптастырады. Қазақстанның экономикалық жағдайын анықтайды. Жұмыссыздық жағдайындағы адамдардың әл-ауқатын бағалайды. Инфляция мен жұмыссыздықтың зардаптарын біледі. |
Тілдік мақсаттары | Inflation – инфляция- инфляцияslow inflation — баяу инфляция –умеренная инфляцияJumping inflation – галопирующая инфляция- секірмелі инфляция Unemployment — безработица — жұмыссыздықHyperinflation – гиперинфляция — ұшқыринфляцияseasonal unemployment — маусымдық жұмыссыздық –сезонная безработицаtechnological unemployment –технологиялық жұмыссыздық –технологическая безработицаCyclical unemployment — цилкдік жұмыссыздық – циклическая безработицаFrictional unemployment — Фрикционная безработица- фрикциондық жұмыссыздықHidden unemployment — Скрытая безработица – жасырын жұмыссыздықVoluntary unemployment — Добровольная безработица – еркіті жұмыссыздық Structural — Структурная безработица –құрылымдық жұмыссыздықNatural inflation — Естественная безработица – табиғи жұмыссыздық |
Пәнаралық байланыстар: Саясаттану және әлеуметтану негіздері
Тақырыбы:Саяси қақтығыстар және әлеуметтік тәртіп.
Пәнішілік байланыстар: Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу және экономикалық өсу қарқыны.
- Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі/дағдылар:
- Бағдарлама аясында бөлімдердің мәнісін жұппен талқылау (айтылым дағдысы);
- Интербелсенді тақтаны қолдану арқылы студенттерге видеоролик, презентация, жекелеген тапсырмалардың дұрыс жауабын көрсету
- Қажетті материалдарды жинақтау мен топтастыру дағдылары (сәйкестендіру тапсырмасы кезінде қаламмен сызу дұрыс жауапты)
- Сабақты жабдықтау: презентация, дәріс, тапсырмалар
3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:Қ.С.Есенғалиева «Экономика негіздері» 756-796 беттер
- . Техникалық құралдар, материалдар: Интерактивті тақта, ноутбук
- Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері: | Оқытушы іс-әрекеті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы: Ұйымдастыу кезеңі |
Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, түгелдеп аламын.Журналға күн ретін қоямын. Өткен сабақтағы «Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу және экономикалық өсу қарқыны» тақырыбындағы үй жұмысын тексеремін. Топтың сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа қатыспаған студенттерді белгілеу, студенттерді сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй жұмысын тексеру |
1. Үй жұмысын тексеру. Дескрипторлар: 1.Экономикалық цикл фазаларын, кезеңдерін талдайды 2.Экономикалық цикл фазаларын сипаттайды. 3.Экономикалық өсу типтерін анықтайды 4.Экономикалық өсуге әсер ететін факторларды анықтайды. Постер қорғау әдісі бойынша үй жұмысын тексеру 1-топ. Құлдырау 2-топ. Тоқырау 3-топ. Жандану 4-топ. Өрлеу |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа тақырыпты болжау Ой шоғырландыу |
Қызығушылықты ояту кезеңі: Тақырыбы: Жұмыссыздық және инфляция туралы видеоролик көрсету. Берілген үзіндіден тақырыпқа шығу. 7 мин |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Сабақтың негізгі мазмұны Мәтінмен жұмыс (Теориялық материал) |
Сабақтың жоспары: 1.Инфляция мәні 2.Инфляцияның түрлері 3.Жұмыссыздық мәні және түрлері 4.Инфляция және жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық зардаптары Мағынаны тану: ДЖИГСО стратегиясын және «Ақылдың алты қалпағы» Де Боно әдісін қолдана отырып, топтарға 4 түрлі мәтін таратылады. Мақсаты: Мәселені барынша мұқият талқылап, студенттің жалпы ойлау қабілетін жетілдіру үшін ойдың, сананың түрлі аспектілерін жандандыру мақсатында қолданатын әдіс Топтар мәтінмен жұмыс жасайды. Жаңа білімді оқушының өзі игеруі, бірін-бірі ұжымдық оқыту. 1 топ: Инфляция мәні және түрлері. Жұмыссыздық мәні және түрлері (ақ қалпақтылар) 2 топ: Инфляция мен жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық зардаптарын айтады (қара қалпақтылар жағымсыз мәселелерді айтады) 3 топ: Инфляция мен жұмыссыздыққа қарсы іс-шаралар (жасыл қалпақтылар жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар) 4 топ: Инфляция мен жұмыссыздықтың жоқ екенін айтып халықтың жағдайы үшін барлық жағдайлар жасалып жатқандығы туралы айтылады. (сары қалпақтылар) |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұмыс түрлері, (топтық, жұптық, жеке) Әдіс тәсілдер (белсенді, саралап оқыту) Қалыптастырушы бағалау әдістері |
Ой толғаныс сатысы: 1-топ: Логикалық тапсырмамен жұмыс. Төменде келтірілген жағдайлардың әрқайсысы жұмыссыздықтың қай түрі екенін анықта, сәйкес белгі қой. 1.Құрылысшы қыста жұмыс таба алмай жүр (маусымдық жұмыссыздық) 2.Экономикада құлдырау байқалады. Шахталар жабылып шахтерлар жұмыстан шығарылуда (циклдік жұмыссыздық) 3.Заңгер Алматыдағы фирмадан жұмыстан шықты, өйткені Астана қаласындағы жұмысқа шақыру алды (фрикциондық жұмыссыздық) 4.Университет түлегі алғашқы жұмысын іздеп жүр (уақытша жұмыссыздық) 5.Дүкенде экономикалық дағдарыс әсерінен сатылу күрт азайды. Сатушы жұмыстан шықты (циклдік жұмыссыздық) 6.Орта мектепті бітірген, белгілі мамандығы болмағандықтан жұмысқа қабылданбады (құрылымдық жұмыссыздық) 7.Жоғары білікті программист жұмыстан шықты, өйткені оны жалақының мөлшері қанағаттандырмайды. (фрикциондық жұмыссыздық) 2-топ Келесі тұжырымдар дұрыс па? 1.Адам жұмысқа қабілетті жасқа келгенде жұмыс күшінің құрамына кіреді Иә жоқ 2.Адамдар өздерінің өмір сүру аралығында жұмыс күшінің құрамына кіріп және оның құрамынан шыға алады. Иә жоқ 3.Жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздар санының жұмысқа қабілетті адамдардың жалпы санына қатынасымен анықталады. Иә жоқ 4.Жұмысы жоқ адам жұмыс іздеуден бас тартса, ол жұмыссыз болып есептелмейді. Иә жоқ 5.Жұмыс орны бар кез-келген адам толық жұмыспен қамтылған деп есептеледі. Иә жоқ 6.Егер адам алдыңғы аптада қатты қарлы боранға байланысты жұмыс істемесе, ол жұмыспен қамтылғандар категориясына жатпайды. Иә жоқ 7.Егер жұмыссыздық деңгейі төмендесе, онда бұл әрдайым жұмысшылардың көпшілігінің жұмысы бар екенін білдіреді. Иә жоқ 8.Жұмыссыздық бойынша жәрдемақының өсуі оның деңгейінің өсуіне жағдай жасайды. Иә жоқ 9.Еңбек нарығына алғаш кірген барлық адамдар уақытша жұмыссыздар категориясына жатады Иә жоқ 10.Уақытша жұмыссыздықтың негізгі себебі – мәліметтің жетілмегендігі Иә жоқ 3-топ: Анықтамалар мен түсініктердің жұптарын құрастырыңдар:
А) В Ә)Б Б)Д В)А Г)Ә Д)Ж Е)Г Ж)Е З)И И)З
А) И Ә)Г Б)В В)Е Г)Б Д)Ж Е)А Ж)Д З)З И)Ә |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы |
Кері байланыс: Тазалық ойыны 1.Чемодан 2.Ет тартқыш 3.Қоқыс жәшігі Білім алушылар сәйкесінше стикерді өз ойлары бойынша қалаған суретке жапсырады 4 мин |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау | Өзін-өзі бағалау парағы арқылы белгілеу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы |
міндетті бағыт бойынша: Қ.С.Есенғалиеваның «Экономика негіздері» оқулығынан «Инфляция» , «Жұмыссыздық»тақырыптарын (683-694, 725-729беттерін) конспектілеу тереңдетілген бағыт бойынша: Инфляция мен жұмыссыздық туралы видеороликтер жинақтап, презентациялау «Менің мамандығым» атты эссе шығармашылық бағыт бойынша: Инфляция мен жұмыссыздықты қалай жоюға болады атты модель қорғау |