Баланың үйдегі ойын бұрышы

Үйдін ойын бұрышы қандай болу керек және балада ол қашан болуы керек ол үшін жастын диапазонын аныктау керек. Барлық үй баланың дамитын ортасы,оны дамытатын құрал ойыншықтар.Үйдін іші баланан дамытатын ортаға бөлінуге тиіс,бала өз жұмысымен айналысатындай кедергі болмауы қажет.
Балаға ойын бұрышын ұйымдастыру керек. Ойын-бұрышы баланың онда еркін іс-әрекет мүмкіндігі бар  жеке кеңістігі.Ең алдымен баланың үстелі қажет,үсті түзу ағашты немесе пластикалық бір түсті болуы керек.
Үстел үсті ойыны 50,70см сурет салу қағаздар,құрастырмалар тағы басқа.Екі кішкентай орындық бірі баланың өзіне бірі үлкен адамға,оларды ыңғайлы етіп орналастырылу керек. Ойын бұрышының қажетті элементтері-ашық төмен стеллаж және баланың қолы жететіндей биіктікте қабатты сөрелер ойын материалына пластикалық және картоннан контейнерлер болуы тиіс.
Ойын бұрышында баланын ойыншықтары шашылып тастауға және жинауға құқы бар. Ойын бұрышының барлығы –ата-ананың баланы өз айтқанынан шығармай және көңіл күйіне бағынышты етіп ұстауға талпынуына қарама- қарсы күш болып табылады.
Бала барлық жерде ойнай алады,оған тиым салмаймыз,бұл негізі жақсы ,бірақ кейде өмірде баланың барлық жерге қатысуы үлкендер үшін ынғайсыздық тудыруы мүмкін,кез-келген жерде ойыншықтарды шашып тастауы мүмкін.Ойын бұрышы үшін көп нәрсе қажет емес,сурет салуға,мүсіндеуге,құрастыру,қиуға қажетті қорапша ішінде орналастыру керек,баланы соған дағдылау.Ойын бұрышында әр түрлі ойындар ертегі және тақпақтары бар кітаптар мен журналдар тағы басқалар болуы тиісті.Ойын бұрышы бала жас ерекшелігіне сай өзгертіліп жаңартылып отырады. Сюжеттік ойындарға арналған ойыншыктар арқылы балалардың толық сөйлеуі мен қимыл –қозғалысы,заттардын орналасуын тағы басқасы дамиды. Балаға ойыншық алғанда бала жас ерекшелігіне назар аудару керек. Балалар ойын бұрышын таза ұстауға түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ойын бұрышында балалармен бірге ойындар ойнап жұмыстанғанда көмек корсетіліп отырылуы қажет.
Асем Картанбаевна

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.