XVII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ

     
XVII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ
      Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі тарихын ғылыми негізде зерттеудің басталуының іргетасы төңкеріске дейінгі кезеңде қаланды. Қазақ халқының XVII-XVIII ғғ. тарихында өзінің елдігін, тәуелсіздігін, жерін сақтап қалу үшін, мемлекетін нығайту үшін сыртқы саясатта жүргізген күрестерінің ішінде жоңғарлармен болған шайқасының орны ерекше. Бұл жерде қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы орын алады. Қарастырылып отырған кезеңнен бастап-ақ осы күнге дейін қазақ жеріне шапқыншылықтар жасаған бұл халық түрлі елде, тіпті бір мемлекеттің шеңберінде де әрқалай, көбінесе«ойрат», «қалмақ», «жоңғар» сияқты атаулармен жазылып жүр.  Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің тарихына ел жадында сіңіп сақталған фольклор үлгілері куә. Жыр-дастандар, аңыз- әңгімелер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің сипатынан түрлі мағлұматтар беретін деректер базасының бір түрін құрайды. Елімізде «құба қалмақ заманы» деп те белгіленетін дәуір тұлғаларының шығармаларынан, олар жайлы ел аузынан тараған «ауызша тарихтан» зерттеуге қатысты мәселелерді қарастыруға болады. Қожаберген, Ақтамберді, Бұқар жыраулардың халқымызды бірлікке, ерлікке бастауда жігер берген туындылары қазақ елінің басқыншы жоңғарларға қарсы тойтарыс күрестерінен де сыр шертеді. Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек сынды батырларымызға, Абылай ханның өзіне ғана арналған алуан нұсқадағы шығармалар жеткілікті. Оларды өзге дерек көздерімен қатар қойып, ғылыми зерттеу айналымына енгізу жалғасып келе жатыр.  XVII ғасырда Қазақстан жеріне күш-қуаты мол Жоңғар хандығы жиі-жиі шабуыл жасап тұрды. Қазақтар өз жерін таңғажайып табандылықпен, ерлікпен корғады. Әскери тарихта осындай ұрыстардың бірі – Орбұлақ шайқасы ерекше орынға ие болды. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі тарихында 1710 ж. Қарақұмда өткен жиын ерекше оқиғаның бірі болып саналады. Ол жиында жауға қарсы үш жүздің басын біріктіре отырып, қарсылық көрсетуге шешім қабылданды. Бұл жиында Бөгенбай батырдың рөлі ерекше көрінеді. Қазақтардың жоңғарлармен күресіндегі шарықтау кезеңіне 1723-1727 жылдарды жатқызамыз. Бұл қазақ халқы үшін «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атауымен  есте  қалған ауыр кезең. Галдан Церен қазақтарды басып алу мақсатында Ертістен өз күштерінің басым бөлігін оңтүстік-батысқа тартты. 1723 ж. ол Ұлы жүз қазақтарына салық салғанын, ал кейінірек оның қолында Орта жүз қазақтарының барлық рубасыларынан дерлік алынған аманаттары болғанын сөз еткен. Тәуке ханның өлімі және ішкі алауыздықтар Галданның басшылығындағы жоңғарлардың басқыншылығы үшін қосымша бір түрткі болды.Орта Азия тарихына арнаған еңбегінде зерттеуші 1723 ж. Ұлы және Орта жүзді бағындырған Галдан Церен Кіші жүзді Сырдариядан Оралға ығыстырып, соның салдарынан соңғысы 1730 ж. амалсыздан Ресей билігін мойындауға мәжбүр болғандығын келтірген. Ш.Ш. Уәлихановтың ойына жүгінетін болсақ, жоңғар басқыншылығының себебі бұрынғы шабуылдар үшін кек алуда болды. Оның сипаттауынша, жоғарыда атап өткеніміздей, 1723 жыл қазақ халқы үшін қиындығымен ерекшеленіп, халық жадында сақталып қалғандығын қостайды. Бұл жылы қар қалың, көктайғақ мұз болған. Жоңғар қоңтайшысы жауынгерлерімен бұрынғы шабуылы үшін қазақтар мен қырғыздарды жазалауды көздеп қазақ даласына кіреді.
Қазақ хандығының саяси бытыраңқылығын пайдаланған және алдағы соғысқа мұқият әзірленген жоңғар билеушілері 1723 жылы әскерлерін қазақ жеріне қаптатты. Нақ осы жылы қазақтың ауызекі аңыздарында «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» деп аталатын сұрапыл алапаттың басталған кезі деп есте қалған Жоңғар басқыншылығының тегеурінінен Ұлы және Орта жүздің кейбір рулары Сырдариядан өтіп, Ходжентке қарай ауа көшеді. Орта жүздің көпшілігі Самарқандқа қарай кетті, ал Кіші жүздің рулары Сауранды айналып өтіп, Хиуа мен Бұқарға беттеді.
                                                                                                                  Орындаған;Ербосын Ә
                                                                                                                        Ғылыми жетекші:
                                                                                                    т.ғ.д., профессор Карибаев Б.Б.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.