Тілім менің тірегім — соғып тұрған жүрегім

Тілім менің тірегім — соғып тұрған жүрегім
Тіл дегеніміз әр ұлтқа берілетін жаратқанның сыйы. Әр ұлттың қазынасы ол байлығы емес, тілі, тарихы. Сондай-ақ Қазақ халқымыздың туған тілі бар — Қазақ тілі. Қазақ- тәуелсіз, қайратты қайсар деген мағынаны бере отырып, ұлтымыздың азаматтарының арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты әрқайсысы біртуар тұлға, ал аруларымыздың көркіне көз тоймайтын сұлулыққа ие екенін білдіріп тұрғандай.
Тіл – әдебиетіміз ,намысыз, арымыз , достықтың алтын көпірі, мәдениетіміз, халқымыздың күре тамыры. Біздің елдеде тілге деген құрмет заңмен қабылданды, бекітілді. Оған дәлел Қ.Р. заңнамасының 7 бабында айқын көрсетілген . Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ол — Қазақ тілі.
Тіл-ұлттың басты байлығы. Тілге деген құрмет ол елге деген құрмет болып табылады.
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» — деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқан. Меніңше бұл нақыл сөз өте орынды айтылған. Қазіргі таңда заманның ағынына сәйкес көптеген өзгерістер орын алуда. Жастардың тілге деген құрметінің деңгейінің төмендеуі. Қазіргі уақытта тіл жанашырларын қатты алаңдатуда. Тіл жанашырлары қазіргі жастарға тіл мәңгілік елдің іргетасы екенін жастардың әп-санасына жеткізуде. Тіл біздің басты байлығымыз екенін алға тарта отырып, жастарға үгіт-насихат жүргізу арқылы , мәртебесін көтеру керек. Кез-келген мемлекеттің дамуы мен қалыптасуында тілдің алатын орны ерекше. Кез-келген қазаққа «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп айтқым келеді. Өз тіліңді білмесең, көп тіл білгеніңнің көк тиындық құны жоқ деп ойлаймын. Және де басқа елге мәнсап қуып, жан рахатын іздеген адамға айтарым: «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»
Қортындылай келе қазақтың жеті атаға толмай қыз алмағанын, қанының тазалығын сақтап , тарихында қалыптасқан салт-дәстүрін, ұмытылып бара жатқан әдеп-ғұрыпын қайта жаңғыртуға жұмылған жұдырықтай болып ат салысайық.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.