Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ оқытушылары

Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ оқытушылары
 
Кәлім Мөлдір Сабырқызы
әл-Фараби ат. ҚазҰУ, «5B020300 Тарих» мамандығының 4 курс студенті
Ғылыми жетекшісі т.ғ.к., қауымд. проф. Г.Е. Абикенова
      Кез-келген өркениетті кемелденген мемлекет өз тарихын қастерлейді, оны ұрпақтардын санасына енгізуге жағдай жасайды. Өйткені тарих халықтың мыңжылдап жинаған тәжірибесі, асыл қазынасы. Сондықтан Қазақстанның ұлттық бірегейлі және біртұтас болуы үшін оның жаңа талапқа сай тарихы да болуы шарт.
Кеңестік тоталитаризмнің зұлым саясаты мен зұлмат әрекеті ешбір елді таңдап, ешбір адамды талғаған жоқ. 1920-1950 жылдары Кеңестер Одағында миллиондаған адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақтың қаншама қабырғалы тұлғалары сол солақай саясаттың құрбандарына айналды.
Жалпы, зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан.
Тәуелсіздік жылдары аралығында 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды.
1993 жылы 14 сөуірде қабылданған Қазақтан Республикасы заңында «жаппай репрессияға ұшырағандарды ақтау және тарихи есімдерін қайта қалыптастыру» заңы қабылданған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 1997 жыл «жалпыұлттық келісім мен саяси куғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу жылы» болып аталынды. Саяси куғын-сүргінге жазықсыз ұшыраған тұлгалардың жас ұрпақтың мәңгілік есте сактау үшін 31 мамыр саяси қуғын- сүргінге ұшырағандарды еске алу күні деп белгіленді
Өткен ғасырда сталиндік репрессия салдарынан қазақтың 70 мыңға жуық көзі ашық, зиялы қауымы жазықсыз атылып кетті. Бұдан бөлек 100 мыңдаған адам қамалып, айдауға түсіп, Сібірге жер аударылды. Кеңес Одағының солақай саясаты бойынша, отарланған ұлттың бас көтере алмай, құлақкесті құл болуы үшін, көзі ашық, саналы азаматтарының барлығы да қуғынға түскен. Бүгінде репрессия құрбандарының басым көпшілігі ақталғанымен, жан жарасы жазыла қойған жоқ және жазылмақ та емес. Саяси қуғын-сүргін құрбандары ішінде Алаштың арыстары атанған Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы сынды бабаларымыз бар. Сонымен қатар тек  Алаш арыстаны ғана емес ұлағатты ұстаздардың құғын- сүргінге ұшырағаны бар.Айтап айтатын болсақ, Ниязов Мұхаметжан Мұсабайұлының ,Әлімхан Ермековтың,Елдес Омаров,Шонанов Телжан,Бектыбергенова Зайтуна Мухамедовна,Арысбай Асқаров,Ораз Қиқымұлы Джандосов,Темірбек Қараұлы Жүргенов,Жүсіпбек Аймауытов секілді ұстаздарды айтсақ болады.
Елдес Омаров — қоғам қайраткері, лингвист-ғалым, публицист, аудармашы, педагог. Осындай көпқырлы қызметі үшін замандастары оны Қазақ Ломоносов деп атаған. Азамат соғысы жылдарында Қостанай бөлімшесінің төрағасы және Қостанай уезі бойынша Алаш Орданың комиссары болып жұмыс істейді. Қазақ халық ағарту институтында (КИНО) сабақ берді. Физика, алгебра, тригонометрия және геометрия сияқты қазақ тіліндегі бірқатар оқулықтардың авторы. Ол оларды орыс, неміс тілдерінен аударып, өңдеп, өзі жазған. Ташкент педагогикалық институтында, Орталық Азия мемлекеттік университетінде оқытушы болып жұмыс істеді. 1929 жылдың аяғында тұтқындалып,1930 жылдың сәуірінде Архангельскке 10 жылдық жер аударылуға ауыстырылды. 1933 жылы ақталды. 1934-1935 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина институтында қазақ тілінен сабақ берді. 1935-1937 жылдары ҚазГУ-дың (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Қазақ тілі кафедрасында доцент қызметін атқарды. Әлеуметтік саясат, ағарту және тіл білімі мәселелері бойынша мақалалардың, қазақ мектептеріне арналған физика және геометрия бойынша оқулықтардың, орыс тілі грамматикасы бойынша оқулықтардың авторы; математикалық терминдердің тезаурусын қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
Қазіргі тарихи кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алуға тиіспіз. Бұл бағытта бірқатар елеулі істер тындырылғаны да белгілі. Мәселен, алаштану мәселесі ғылыми тұрғыда шығармашылық мұралары насихатталуда. Алайда,әлі де болса жан-жақты ғылыми  зерттеуді қажет ететін тұстары да жеткілікті. Сол қажеттілікке зәру мәселелердің қатарына осы тақырыпты, яғни Алаш зиялысы Елдес Омарұлын жатқызуға болады. Міне, сондықтан да өзекті болып табылады.
Елдес Омаров 1892 жылы  1 наурызда Қостанай облысы, Таран ауданы, Қожай ауылында текті әулетте дүниеге келген. Шыққан тегі орта жүз, қыпшақ. Елдес Омаровтың азамат  болып қалыптасуына келер болсақ, Елдес ауыл молдасынан сауатын ашып, атасы және әкесінің өнегесімен 1901 жылы Қостанай қаласындағы Ыбырайдың ашқан екі кластық  орыс – қазақ мектебіне түседі. Осы мектепте Хамза мен Ғаббас Нұрымұлдары, Әли Сүгірұлы, Жұмаш пен Нұрхан Еленұлдарымен бірге оқыған. Ол қаладағы тұрмысқа тез көндігіп, арифметика, геометрия, орыс тілі, жағрафия , ән салу, гимназия, дін пәндерін оқыды. .
Ұстаздарының ақылымен Елдес 1905 жылы 10-тамызда Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын оқу орнына  түсуге тілек білдіреді. Мемлекет тарапынан Торғай өлкесіне берілген жалғыз стипендия  Елдестің еншісіне тиді. Әрине, қазына есебінен тегін оқытатын орынға қол жеткізу оңай олжа болмағандығы белгілі; ол үшін Елдестің аз тер төкпегендігін мектеп әкімшілігінен берілген қысқаша мінездемедегі мына жолдардан анық аңғарылады:  «….ықыласты, тәртібі жақсы, оқта-текте  ұстаздарына қыр көрсетіп қояды; мінезі тұйық, бұйығы….Ойлау жүйесіне қатысты айтарлықтай оғаштық байқалмайды. Білім дәрежесін саралаған алдын ала сынақтан өте жақсы тапсырды».
Сот кеңсесінде Елдес 1917 жылдың ақпан айына дейін қызмет атқарды. Аудармашының қозғалған қыруар істің оң шешілуіне себі тиіп, бейкүнә жәбір көрген қандастарына  адами жанашырлығының дәлел-айғағы Орынбордағы архив қоймасын ақтарған жанға қан сонардағы іздердей сайрап жатыр. Толқыны  толқын қуалап, кемерлене, екпіндей шалқып аққан Ордың Жайық өзеніне ұласқанындай ой ағыстары, пікір-қөзқарастары бір арнаға тоғысқан Әлихан, Ахмет, Міржақып һәм басқа да ұлтжанды ұлы күрескерлермен жақындасу оқу-ағарту  майданына алып шықты. Міне, осындай алыптар аясында, жайсаң жандар саясында жүріп саяси көзқарасы  айқындалып, әбден шираған Елдес Омарұлы халқының басынан өткерген елеулі құбылыстардың бел ортасында білегін сыбана бар күші мен қайратын, білімі мен парасатын аямай ерен ерліктің, мойымас қайсарлықтың үлгісін танытқан қайталанбас тұлға.
1917 жылдың ақпан мен мамыр айларының аралығында Елдес Минск қаласындағы Земство Одағының  «Бұратана халықтар» бөлімінде хатщы  болады. Бұл өте жауапкершілігі зор, атқарар жүгі ауыр іс еді. Сондықтан Елдес аттанған қилы заманда мұқым алашты аузына қаратқан арыстардың үндеуіне үн қосып, жәрдемін беруге асыққан Мәскеу, Қазан шаһарларында білім нәріне сусындап жүрген  Мырғазы Есболұлы, Тел Жаманмұрынұлы, Хұсайын Бекентайұлы,  Мұса Сейдалыұлы, Шафқат Бекмұхаммедұлы және басқа да қазақ студенттерімен тізе қосып төтенше жағдайға араласты. Оның арнайы іссапармен майдан шебін аралап, патша пәрменімен алынған қыр жігіттерінің жай-күйін баяндаған хаьар-ошарлары «Қазақ» газетінде жарияланып тұрды.   Шілде туа Торғай уезі комиссарының көмекшісі бола жүріп, ол Азаматтық комитетке төрағалық етті. Осы жылдары оның табанды күрескерлік қарымы мен жан – жақты білімпаздық дарыны ашыла түсті.[5; 206].1918-1919 жылдары Елдес Алашорда үкіметінің Қостанай уезіндегі комиссары міндетін атқарды. Туған өлке топырағында өткізген аз ғана мерзімде Елдестің көңілі таудай өсіп, құлшына еңбек етті. 1917 жылы 14-17-ші қазанда Қостанайдағы уездік жиынға қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келіп, Алашорда өкіметін нақты мойындайтындықтарын һәм заңды талаптар негізінде Алаш автономиясына қосылатындықтарын білдірген комиссар Елдес Омарұлы қол қойған қаулы қабылдайды. Өкініштісі, Алашорда өкіметінің ғұмыры ұзаққа созылмады. [6; 207]  Елдес Омарұлының  «еңбек кітапшасында» 1922-1926 жылдары Өлкелік Халық Комиссариаты жанындағы Академиялық Орталықтың қызметкері әрі Орынбордағы кейін Қызылордаға қоныс аударған Қазақтың Халық ағарту институтында оқытушы болып істеді делінген. Және осы тұста ол Қазақ ғылымы мен әдебиет кеңесінің мүшесі ретінде баспаға жіберілетін қарайған қолжазбаларды оқып, оның идеялық нысанасы, көркемдік сапасы, ғылыми құндылығын ой сүзгісінен өткізіп, пікірін білдіріп отырған. [7; 209]
1928-1929 жылдары Орта Азия мемлекеттік университетінде оқытушы бола жүріп, Елдес Ташкенттегі неміс елшісінің қызы Эльза Адамовна Вэртеге үйленген. Олар тұңғыш ұлдарының есімін халық батыры атанған Кенесары Қасымұлының құрметіне Кенехан деп қойған. Болашақтың беті бұлыңғыр болғандықтан Елдес жазықсыздан жазықсыз ұлым мен әйелім зардап шегуімүмкін деп, заң жүзінде ажырасу қажет екендігін айтады. Эльза келісіп, бірнеше күннің ішінде Елдес пен Эльза  бірге тұрғанымен, заң жүзінде ажырасады. Кенеханның азан  шақырылып қойған есімі өзгертіліп, оны туу туралы куәлігіне: «Есімі Генрих, ата-тегі Вэрте, шешесі Эльза Вэрте, неміс қызы, әкесі Елдес Омарұлы, ұлты қазақ» деген жазбалар жазылды.
Елдестен Генрих деген бала болған, оны орыстар Андрей деп атаған. Ленинградта деп естиміз. Фамилиясы Омаров болуы керек. Соғыстан кейін Алматыға туыстарын іздеп келіп, білетін ешкімге кездесе алмай, кетіп қалыпты, бұл кісі әскери ұшқыш болуы керек дегенді естідіқ. [8; 2]. 1930 жылы Біріккен саяси Бас басқарма коллегиясының шешімімен жоқтан барды желеу етіп, Елдес Омарұлын  58 статьяның  10,11 баптары бойынша он жыо концлагерге мерзімімен өтеуге үкім шығарды. Елдес ұсталған соң, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Асқар Дулатұлдарымен бірге Архангельскіде болған.
Елдес Омарұлы айдаудан 1933 жылы кесімді мерзімі бітпей босанып, шығады. Есін жиған Елдес 1934 жылы Алматыға келіп, дәрігерлік институттың қазақ тілі кафедрасына доцент болып орналасады. Кейіннен әмбебап оқымысты, ұлағатты ұстаз 1935 жылы 22-қазанда Қазақтың мемлекеттік университетінің доценті болып қабылданды. Ол өмірінің ақырына дейін осы білімнің қара шаңырағында қызмет етті.
1937 жылы қайта айналып соққан зұлмат ой корігін қыздырған сөз зергерін оты сөнген қоламтадай күйге түсірді, әуелі Елдес маусымның 25-күні дәрігерлік институттан шығарылды, кейіннен қазан айының 13- күнгі ҚазМУ-дың №159 бұйрығы бойынша оқытушылық қызметін тоқтатады.Осы оқиғадан соң іле-шала НКВД құрығы Елдес Омарұлының мойнына қайта түсіп, қамауға алынады…… 1937 жылы  2 желтоқсан күні Алматы облыстық НКВД бөлімінің үштігі ату жазасына кеседі.
Елдес Омарұлы 1989  жылы жабылған жаладан ақталды. 1992 жылы Елдес Омарұлының 100 жыл толуын туып-өскен жері-Таран ауданының жұртшылығы атап өтті.Оның атымен мектеп аталып, есімі көшелерге берілді. Елдес Омарұлының шын мәнінде шығармашылық өнермен айналысуына 1922 жылдан бастап қана мүмкіндігі туды. Көп қырлы талант иесінің бөліп айтар еңбегінің бір саласы-жаңа ашыла бастаған ұлттық мектептер мен жоғары білім ордаларының рухани сұранысын өтеген ана тіліндегі оқу құралдарын жазуы еді. Ол буын-буын жас ұрпақтың ғылым мен білімге көзін ашқан «Физика», ( Орынбор,1923 ж.,), «Пішіндеме» (Қызылорда, 1928 ж.), тағы басқа да үлкенді-кішілі он шақты оқулықтың авторы. Ал бұл екі кітап-қазақ қазақ болғалы ана тілінде жазылған тырнақалды еңбек екендігімен өте құнды болып табылады. Ал, Елдес ағаның ғылыми мұраларына келетін болсақ,  кезінде «Қазақтың Ломоносовы» деп аталған Елдес Омарұлының маңдай тері төгіліп, ұрпағы үшін жазған елеулі еңбектері, ұрпағы сусындар білім бұлағы да ауыз толтырып айтарлықтай көл-дария. Мәскеу қаласында Ресей ұлттық кітапханасында (бұрынғы Ленин атындағы кітапхана) геометрия бойынша көлемі 448 бет екі кітап және физика жөнінен көлемі соған шамалас бір кітап сақталған. Кітапхананың мұражайындағы 1938 жылғы № 93 бұйрығы бойынша Елдес пен оның серіктестерінің барлық еңбектері Алматыға жөнелтілуі тиіс екен, алайда бұл бұйрық орындалмапты. Текті әулеттің өкілі Елдес Омаров Ахмет пен Міржақыптың соңынан ерді. Алаш қозғалысының белсенді мүшелерінің бірі болды. Ахмет Байтұрсынов секілді ағартушылық саласында өшпес із қалдырды.
Бір сөзбен айтқанда, Елдес Омарұлы қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресіп қана қоймай, халықтың білім мен ғылымға деген болашақ ұрпаққа аманат болып қаларлық зор еңбектер жазып қалдырды. Елдестің қаламынан туылған әрбір ғылыми еңбегі еліне қалдырған мол ғылыми мұрасы.Елдес Омарұлының таңғажайып ғылыми мұрасы мол әрі әлі де зерттеуді қажет етеді, себебі Елдес Омарұлының ғылыми мұрасын зерттей отырып, біз халқымыздың өткен-кеткенін біліп қана қоймай еліміздің болашағына үңіле аламыз.
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
 

  1. Кенжехан МАТЫЖАНОВ мақаласы – филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
  2. Ахметова Г.К. «Репрессированные учителя» -Алматы: Қазақ университеті, 1998. – 249 б.
  3. Радио Азаттық, Султан-Хан АҚҚУҰЛЫ Алимхан Ермеков. Чудом выживший в ГУЛАГе лидер «Алаша» мақаласы, 2011 жыл.
  4. Список, утвержденный комиссией ЦК КП(б), враждебной алашординской и националистической литературы, подлежащей изъятию из библиотек, книготорговой сети и личных библиотек : архивный документ.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.