Абу-л-ғази баһадүр ханның шығармаларының тарихи маңызы

Абу-л-ғази баһадүр ханның шығармаларының тарихи маңызы
Тұрсынбаева Ұлбосын
Тарих мамандығының 1-курс студенті
Жетекшісі: аға оқытушы Ташқарааева Ә.
 
XVIII ғасырда Орта Азия аумағындағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы саяси қатынастар тарихында Хиуа ханы Абу-л-ғази (Әбілғазы) ерекше орын алады. Жалпы, адамзат тарихында, әсіресе Орта ғасырларда, билік пен білімді бірге алып жүретін адамдар көп емес. Абу-л-ғазиді осындай қайраткерлердің қатарына жатқызуға болады. Ол Хиуаның әйгілі ханы ғана емес, сонымен бірге белгілі тарихшы-шежіреші, ақын, өз заманының білімді адамдарының бірі, «Шежіре-и-Түрік» [22] (Түрік шежіресі) және «Шежіре-и-таракиме» [12].  (түрікмен шежіресі) шығармаларының авторы. Айта кету керек, ол саяси оқиғалардың арасында жүріп, маңызды деректану туындыларын қалдырды.
Осы күнге дейін Абу-л-ғазидің Орта Азия халықтарының, оның ішінде түрікмендердің тарихын зерттеудегі шығармалары негізгі дереккөздердің бірі болып табылады. Абу-л-ғазидің саясаты, көрегендігі, басшылық қабілеті, туындаған саяси шиеленісті оңтайлы шешу қабілеті, көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы XVIII ғасырдағы Хиуа хандығының тарихында көрініс тапты.
Негізінен, Абу-л-ғазидің өмірі мен қызметіне арнайы жазылған еңбек жоқ. Көп жағдайда Орталық Азияның билеушісі ретінде деректік материалдарға негізделген авторлардың зерттеулерінде кездеседі.
Абу-л-ғазидің өмірі мен қызметіне қатысты ең алғашқы жазба оның «Шежіре-и-Түрік» шығармасында кездеседі. Абу-л-ғази өзінің өмірі, ағаларымен билік үшін күрес, хандықтың билікке келуі, оның шапқыншылығы туралы егжей-тегжейлі жазды.  ХІХ ғасырда Мунис пен Агахидің «Фирдаус Аль-икбал» еңбектерінде Абу-л-ғазидің өмірі мен қызметі туралы айтады.
Абу-л-ғази 1603 жылы Үргеніш қаласында туған [23],   Шыңғыс ханның Жошыдан тараған тікелей ұрпағы, өзінің «Шежіре-и-түрк» шығармасында Шыңғыс ханға дейінгі аталарын атап шығады.
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Абу-л-ғазидің әкесі Араб Мұхаммед хан — Хорезм мемлекетіндегі Шайбан әулетінен шыққан он бірінші хан, ол 1603 жылы хан тағына отырды, билік еткен жылдары Мемлекетті басқаруда үлкен жетістіктерге жетті және Хиуа хандығына қарақшылық шабуылдарды мәңгіге тойтарыс берді. Орал казактары Хиуа хандығының астанасына басып кіріп, шабуыл жасаған кезде казактар жолда соңғы адамға дейін өлтірілді.
Абу-л-ғазидің анасы Михрибану-ханым Арал теңізіндегі билеуші сұлтан Жанғазы сұлтанның қызы, ол Шыңғыс ұрпағынан шыққан. , Абу-л-ғазидің атына берілген «ғази» атағы Араб Мұхаммед ханның Орал казактарын жеңгеннен қырық күн өткен соң дүниеге келуіне себеп болды, сондай-ақ, анасының «ғази» атағы бар отбасынан шығуы да әсер етті [24].  Алты жасында анасынан айырылған Абу-л-ғази әкесінің жанында тәрбиеленіп, медреседе оқып, білім мен ғылымды, әскери өнерді, ел билеу әдістерін жете меңгереді [25]. Он алты жасқа келгенде әкесі оның билігіне Үргеніштің бір бөлігін берді, осы кезден бастап билікке араласып, үлкен ағаларымен бірге саяси күреске қатысты.
17 жасында Әбілғазы саясатқа араласқаннан соң, ағаларымен жанжалдасып, олар Персияға қуып жібереді. Біраз уақыт шет аймақтарда қашып жүреді. Дәл осы Парсы жеріндегә Исфахан қамалында он жылдай тұтқында болды. Кейінен қашып шығып, қазақ билеушілерінің жанында, Арал маңында бой тасалады. 1644 жылы Әбілғазы Үргенішке оралып, хан болып сайланады. 1645 жылы ағаларымен ұзақ күрестен кейін таққа отырды. Түрікмен, қалмақ, Бұхар хандықтарына қарсы соғысқан. 1663 жылы Мұхаммед Ануша ұлының пайдасына тақтан бас тартып, 1664 жылы қайтыс болды.
Өмірінің соңғы жылдарында Шыңғысхан және оның отбасына тиесілі Шайбан руының тарихын таза өзбек тілінде жаза бастайды. Әбілғазының өзбек әдебиеті үшін маңызы оның парсы тілінің күшті ықпалына ұшыраған Шағатай әдеби тіліне қарсы ашық сөйлеуінде. Әбілғазы тілі-Хиуа өзбектерінің жеңіл, қарапайым тілі және шағатай әдеби тілінен мүлдем өзгеше. Әбілғазы шығармаларының ғылыми сипатына қарамастан, оның стилі айқындық пен сөздік байлығымен ерекшеленеді, сонымен қатар көптеген өзбек халық сөздері мен мақал-мәтелдерін қамтиды. ХVІІ ғасырдың басында Хиуа хандығында елдегі қалың бұқара – өзбектер мен түрікмендер қатысқан феодалдық күрес орын алды. Әбілғазынің  үлкен ағалалары мен өзі тікелей қатысқан бұл күрестер1645 жылы Әбілғазы хандық таққа отырғанға дейін жалғасқан еді. Наймандар мен ұйғырлардың басшыларының қолдауына ие болып, әр түрлі айла-тәсілдермен халықтың едәуір бөлігін өзіне қаратып, күш жинаған ағалары Хабаш пен Ильбарс сұлтандар хан тағында отырған әкелеріне қарсы шығып, ел ішінде бүлік шығарды. Бұл күресте Әбілғазы әкесі Араб Мұхаммед хан және үлкен ағасы Исфендияр сұлтанмен бірігіп, бүлікшіл ағалары Хабаш пен Ильбарсқа қарсы кескілескен ұрысқа түсті. Ташлы-Йармыш құдығының жанында өткен бұл соғыста алғашқылары жеңіліс тауып, Әбілғазы Кятқа, одан әрі Бұхарға қашты. Екі жылдай Бұхар ханы Имам Кулидің жанында болған Әбілғазы 1623 жылы Исфендияр хандық таққа отырғаннан кейін Үргенішке қайта оралды.
Ішкі талас-тартыста түрікмендерге сүйенген Исфендияр хан тағына отырған соң  оларға қолдау көрсетіп отырды. Ағасның бұл әрекетінен өзіне төнген қауіпті сезген Әбілғазы Исфендиярға соққы беруге тырысты, алайда оның бәрі сәтсіздікен аяқталып отырды. 1627 жылы Исфендияр ханның өзбектерге жасаған соққысынан кейін Ә. күшінен айырылып, қазақтарға қашады, онда Әбілғазыны Есім хан қабыл алады. Одан кейін екі жыл бойы ташкенттік хан Тұрсын ханды паналап, Бұхарадағы Имам Кули ханның жанында жүргенде, араларында толық ауызбіршілік болмаған хиуалық түрікмендер Әбілғазыға хабар жіберіп, кері қайтуына өтініш білдіреді. Ол кезде Исфендияр хан түрікмендердің бір бөлігімен келіспеушілігі себебінен Хазараспеге көшіп кеткен еді. Енді түрікмендер Әбілғазыға Исфендияр ханмен күресте қолдау көрсетіп, жеңіске жетуіне көмектеседі. Нәтижесінде, Исфендияр Хиуаны Әбілғазыға беріп, арада өзара келісім жасалады.
«Хорасан бүлігі» атауымен белгілі осы көтерілістен кейін Исфендияр хан Әбілғазыны айламен Иран шахына тұтқын ретінде жіберді. 1630 жылы Хамаданғажеткен Әбілғазы Исфагандағы Табарек қамалына орналастырылды. Әбілғазы қамалда он жылдай тұтқында ұсталып, тек 1639 жылдың жазында қашып шығып, өз жұртына оралды. Әрине, Әбілғазы «өз жұртына» оралғанда  тастанды болған Үргеніш қаласына емес, өзі үнемі жақсы қарым-қатынаста болған және Исфендияр ханның билігін мойындамаған өзбектерге жол тартты. 1643 жылы Арал өзбектері Әбілғазыны хан етіп жариялады, кезінде Исфендияр ханды қолдаған түркмендермен арадағы келіспеушіліктер себебінен Хиуа ханы болып тек екі жыл өткеннен кейін, яғни 1645 жылы жарияланады.
Әбілғазы хандық таққа отырғаннан кейін түрікмендерді ырықтандыруға бағытталған жорықтар, Хорезмгеқауіп төндіріп тұрған көрші ел – Бұхар хандығына шапқыншылықтар жасап, біраз иеліктерін басып алды.
1663 жылы Әбілғазы орнына ұлы АнушаМухаммедханды отырғызып, өзі бейбіт істермен және құлшылық жасаумен айналысып,1664 жылы қайтыс болды.
Әбілғазының қаламынан шыққан «Шежіре-и-түрк» шығармасы Орталық Азия аймағының көптеген өңірлерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихы, этнографиясы мен тарихи географиясы туралы маңызды деректер береді. Ал, түрікмен молдары, шейхтары мен бектерінің өтіуніші бойынша жазылған«Шежире-и-таракиме» шығармасы орта ғасырдәуіріндегі түрік дүниесіне қатысты аңыздар, әңгімелер, әдет-ғұрыптар, тайпалардың шығуы туралы баяндалатын маңызды деректеме.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.