Ғашықтың тілі — тілсіз тіл. Абай Құнанбайұлы

Ғашықтың тілі — тілсіз тіл
 
Ғашықтың тілі — тілсіз тіл,
Көзбен көр де ішпен біл.
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл.
Ол тілге едік оңтайлы
Қаріпсіз біліп сондайды.
Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек,
Енді ішіме қонбайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.