«5 қыз тағдыры»

БЕС ҚЫЗДЫҢ ҚАЗАСЫНА БИЫЛ ҮШ ЖЫЛ. МҰҢАЙТҚАН ОҚИҒАНЫ ЕСКЕ АЛЫП, ЖОҚТАУ АЙТАЙЫҚ.
«Бес қыз тағдыры»
Бала қамын ойлаған ата-анасы,
Тер төгіп істейді қара жұмысын.
Тоқшылыққа жету үшін бұл заманда
Күту керек па біреудің қазасын?
 
Кетті міне ата-ана жұмысқа,
Бала-шаға жауып алды құлыпқа.
Түнгі екі шамасында болған жайт
Жанып кетті үй, бала шыға алмай сыртқа.
 
Қара түтін шығады бұл үйден,
Тұңшығады улы газдан, түтіннен.
Үлкен қаза болды, бұл сұмдық…
Анасы қанды жас ағызады көзінен.
 
Ажал келді үйдегі бес қызға,
Маңдайында тағдыры жазулы тұрды ма?…
Жақындарына бастан кешу қиын ғой
Енді кетеді періштелер жұмаққа.
 
Таң атады, қасында жоқ баласы,
Анасы отырып еске алады қазасын.
Әке бір нүктеге қадалып
Көзінен ағызады тамшы жасын.
 
Сорлы ана айырылды бес қыздан,
Елдің мұңына қайғы басқан.
Бақтары ашылмады қыздардың
Кім төтеп бере алады бұған?…
 
Бұл ауыр сезім оңай емес,
Алдына келер енді тек елес.
Уақыттың қанша сұрасанда оралғаның
Уақыт тоқтай ма, қайтып келмес.
 
Сынды жайт болмайтынына бәрі үмітте,
Ине сықылды қадалады жүрекке.
Бастардым бұны мен қағазға
Қайталанбайд, болмайд деген үмітпен.
 
(Тасболат Сабина)
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.