Тәуелсіздік-алтын тұғырымыз.

Адамзат үшін баға жетпес байлық — азаттығы мен еркіндігі,халқының ашық аспан астында тәуелсіз өмір сүруі.Ал біздің қазақ елі үшін құнды мұра саналатын тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге көзді ашып-жұмғанша 30 жыл толып отыр.Алайда осындай орасан жетістікке жету үшін қазақ елі үшін оңайға соқпады. Тәуелсіздік жолында ата-бабамыз қандай қиындықтарды бастан кешірді,қандай тәуекелге барды?
Тәуелсіздік-ата-бабаларымыздың киелі жерімізді сақтап қалуы үшін төгілген өлшеусіз тері мен қанының өтеуі.Еліміз 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялағанымен,бостандыққа деген ұмтылысы ерте замандардан бастау алған. Қазақ халқы ел болып қалыптасқалы небір ауыртпалықтарды басынан өткерді.Қазақ тарихындағы сонау жоңғар шапқыншылығы кезеңінен бастап,Кеңес үкіметі орнағаннан кейін де қазақ елінің жағдайы жақсарып кете қоймағандығын бәріміз білеміз.Ақтабан шұбырындыдағы елі үшін жан беріп,талмай күрескен қаһармандарымызды бірнеше ғасыр өткеннен кейін ғана ерліктерін есімізге алып жатырмыз.Ал 1986 жылы Алматыда орын алған Желтоқсан оқиғасы да халқымыз үшін қайғылы күндер болып саналып,тарихта таңба болып қалды.Дәлірек айтқанда,Кеңестік кезеңнің солақай саясатына өз наразылығын танытып, азаматтық үндерін ұлттық мүддемен ұштастыра білген қаншама қазақ жастары ел қамы үшін қыршынынан қиылды.Бұл әрекеттің барлығы елде тек әділет орнатып,алтын тұғырымызды тіктеуге жасалған алғашқы қадамдар еді.Бұдан біздің түйгеніміз-ертеңгі ұрпақтың болашағы жарқын болсын деп өз жандарын азаттық үшін құрбан еткен батырларымыз бізге үлкен үміт артып,тәуелсіздігімізді аманат етті.Артылған үмітті ақтап,ұлы мұрамыз тәуелсіздігімізді сақтап қалу біздің қолымыздан келе ме?
Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты күш-жігер қажет болса,оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.Менің пікірімше,біз тәуелсіз елдің ұландары,күш біріктіріп,азаттықтың қадірін тереңнен түсіне алсақ қана асыл мұрамызды сақтап қала аламыз.Еркіндік жолында төгілген тер мен аққан қанның бағасын ұғынып,батыр бабаларымызды ұлықтай алсақ қана өз мақсатымызға жетеміз.
Қорыта айтқанда,ұлттық құндылығымыз бен ұлттық қасиетімізді паш етіп,күллі әлемге қазақты намысы биік,рухты,азаттықсүйгіш ел ретінде танылуына себеп болған Тәуелсіздік біз үшін қымбат.Уақыт таразысымен қарастырар болсақ,30 жыл аз да,көп те уақыт емес.Алайда осы уақыт аралығында еліміз көптеген әлеуметтік,экономикалық және мәдени даму жолында үлкен асуларды бағындыра алды.Тәуелсіздік ештеңемен салыстыруға келмейтін аманат.Оның шоқтығының биік тұратынын салт-дәстүріміз,тіліміз,мәдени жетістіктеріміз сынды баға жетпес құндылықтарымыздан аңғара аламыз.Қанша уақыт өтсе де азаттыққа жетудегі оқиғалар өз маңызын жоғалтпақ емес.Ең бастысы еркіндігімізді сақтап,одан әрі дамыған алпауыт елдер тізіміне еніп,алтын күні жарқырап,алтын қыраны қалықтаған Қазақстанның сол елдермен терезесінің тең тұруына аянбай тер төгуіміз керек.
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.