«Мен неге пиар — журналист маманы болғым келеді»

«Мен неге пиар маманы болғым келеді?»
Әр адамға үлкен өмірге қадам басқан сәттен–ақ көп дүниелерге таңдау жасауға тура келеді. Солардың бірі – мамандық таңдау. Ұлы Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп айтқандай, әрқайсысымыз бұл дүниеде өз орнымызды тауып, керек жерімізге кірпіштей қалануымыз қажет. Мен кішкентай кезімнен-ақ келешекте өзгеге, еліме қандай тұрғыдан болмасын пайда әкелетін мамандық иесі болуды армандайтынмын. Сол арманымның жетегінде, үлкен шығармашылық тылсым, креатив пен әрдайым ізденуге деген талпынысты қажет ететін журналистика саласының PR бағытын таңдадым. Көп адамдар «Бұл саланы таңдау себебін не? Оның қандай артықшылықтары бар?» деп сұрап жатады. Мен өз таңдауыма толықтай сенімдімін. Себебі, өзім қадамын нық басқан, бұл мамандықты саналы түрде таңдаған жанмын. Оған қоса бұл таңдауыма бірнеше себеп бар. Дәл қазір бұны қарастырып өткім келеді.
«Журналистика — жол — жөнекей жазылатын әдебиет» демекші, мен журналистиканы тамыры кең жайылған сала ретінде көремін. Себебі, оның түрлі бағытының бар. Солардың ішінде өзіме ең жақыны —  PR. Негізінен  «pr digital» терминіне анықтаманы әр адам өзінше беруге тырысады. Бірақ егер маған бұл ұғымға түсініктеме беру қажеттілігі туындаса, мен келесідей жауап берер едім: «пиар мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті, тапқырлық пен коммуникативтілікті талап ететін жауапты сала.» Жалпы PR маманы әртүрлі салада жұмыс істей алады. Иа, пиар маманының негізгі міндеті — ұйым мен қоғам арасындағы түсіністік пен жақсы қарым –қатынасты құрып, өнім немесе белгілі бір ұйымның атқаратын қызметі туралы қоғамдық дұрыс пікір қалыптастыру арқылы, ұйымның мықты имиджін құру. Бірақ, мен бұл деңгейде тоқтамай, әрі қарай дамуды қалаймын. Нақтырақ айтсам, менің мақсатым — болашақта пиар маманы бола тұра медиа журналистика саласының дамуына септігімді тигізу. Қазіргі таңда технология үлкен прогресс жасап, дүниеміз цифрлық әлемге көшуде. Кез келген саланы, бизнес түрін әлеуметтік желі арқылы дамытуға болады. Дәл солай  журналистиканың цифрлыққа өтуін барынша дұрыс шешім беп қабылдаймын. Ойлап қарасақ, бүгінде үлкен әділетсіздіктен қаншама адам зардап шегіп, тағдыр тауқыметіне түсіп жатыр немесе кәсіптер үлкен күйреуге ұшырауда. Осы сынды жайттарды қоғамға стандартты емес форматта жариялауға болады. Осы жерде мен бір мысал келтіргім келіп тұр. Жуырда Нұр- Сұлтан қаласында орын алған жайт. » Генезис — болашақтың сәулетшілері» ұйымының адамдары елордамызда орналасқан «Барыс Аренада» өз концерттерін өткізбекші болды. Бірақ, оларға бұл аренадан концерт өткізетін орын берілмей, іс-шараның өткізілуіне тыйым салды. Не дегенімен,бұл ұйым жалған ақпарат беруді жалғастырды. Яғни, халықты концертке шақырып,  билет сатылымдарын тоқтатпады. Бұл әрекетке жай қарап отыра алмаған еліміздің дарынды пиар маманы — Берлібай Ақеркенің бастамасымен жалған ақпараттың таратылуы тоқтатылды. Берлібай А. жаңалық таратудың тиімді жолы — әлеуметтік желілер арқылы, бұл істің нүктесін қойды. Осындай тәжірибесі мол, жауапты мамандар арқасында қала әкімшілігі іс — шараның болмайтының ресми түрде жариялап,  қанша адам алданып қалудан аман қалды. Берлібай Ақерке — мен үшін үлгі тұтар тұлға және болашақта мен осы адам сияқты шындық айтудан қорықпайтын мықты маман иесі болғым келеді. Осы себептен, мен тек ұйының дамуына ғана жауап беретін маман иесі болмай, сонымен қатар, ешқашан қателік жібермейтін, жағдайдың анық — қанығына жететін, қашанда шындықтың жақтаушысы, қолдаушысы болып, өзгеге пайда әкеле алатын маман болғым келеді. Бұл — бір. Пиар мамандығын мен өзімді бақытты етіп, өміріме толық қанағаттану үшін таңдадым десем қателеспеспін. Қалам мен қағазым, тәжірибем арқылы қорғансызға пана болып, мәселенің шешімін тапқанда, біреуге үміт ұялатып, «көмегім тиді» деп айта алған кездегі бақыт қандай керемет! Солай емес пе?! Қазақта «менде болсын, менде болмаса елімде болсын» — деген жақсы сөз бар. Бұл нақыл сөздің кұдіреті «елге пайда әкелемін» деген ойға жетеледі. Пиар маманына да журналистке сияқты, белгілі бір іске кіріскен жағдайда жайтты нақты сипаттау үшін, ойды жеткізу үшін немесе қоғаммен байланыс құру үшін сөз тапқырлықтың болуы өте маңызды. Бұл — екі. Жасөспірім кезімнен өлең шығарып, мақала жазуға деген қызығушылығым артты. Бұл хобби қоғаммен байланыс мамандығын таңдауыма өз септігін тигізді. Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде бұл қырымды одан әрі дамытып, маңызы үлкен, актуалды тақырыптарды қозғап мақалалар жазу — тағы бір мақсатым. Пиар креативті қажет ететін мамандық. Мен табиғатымнан шығармашылыққа жақын, креативке толы адаммын. Бұл — үш. Пиар-журналист мамандығына келу үшін, осы күнге дейін өзімді әртүрлі салалардан сынап көрдім. Атап өтсем, дебат, өлең оқу сайыстарына қатыстым, өлең шығарып, мақала жаздым, коммуникативтілікті дамыту үшін пиар саласына байланысты интенсив курстарды үйреніп, білімімді толықтырдым. Болашақта мықты пиар маманы атану деген мақсатымды орындау үшін қазірден бастап алғашқы қадамдарымды жасай бастадым. Курстарды игере отырып, әлеуметтік желілерде контент жасау, смм, маркетинг салаларын меңгеріп, қазірдің өзінде кез келген жағдаяттың мәселесін стратегия құрып шешуді білемін. Оған дәлел жоғарыда айтылған кейсім. Осының бәрін практикадан өткізіп, пиар мамандығында тәжірибе жинау нәтижесінде – саналы түрде қоғаммен байланыс мамандығын таңдаған талапкермін.
Қашанда іздену, жаңа адамдармен танысып, қоғаммен байланыс құру, кез келген мәселелерді зерттеу мен үшін өте қызықты, және болмысыма сай. Бұл сөзімді дәлелдеу үшін, мен пиар мамандығының new media бағытына сай кейсті қарастырғым келіп тұр. Кейстің мәні: біздің еліміз де бақ журналистикасы қатты дамығанымен, цифрлық журналистика енді ғана дамып келе жатыр. Бірақ, менің ойымша, бүгінгі замандағы теледидар, газет пен журналдарға шығатын жаңалықтардың барлығы цифрлыққа өтсе тиімдірек болады. Егер мен арнайы оқу орнын тамамдаған, жоғары санаттағы пиар маманы бола білсем, медиа журналистика саласына жаңа инновацияларды әкеліп, мультимедиялық басылымдарды бүгінгі журналистиканың қарапайым элементтеріне айналдырамын. «Бұны қалай іске асырасың?» десеңіздер, еуропалық ірі БАҚ басылымдары сияқты, жаңалық таратудың заманауи жолдары, яғни, озық технологиялық шешімдерді қолданар едім. Қазіргі заманиуи құралымыз — әлеуметтік желілер. Әлеуметтік желілерге жарияланған жаңалықты қоғамға насихаттау әлдеқайда жеңілдірек болғандықтан, шындықты айта алмай жүрген жандар үшін өз ісін жаһандық тұрғыда қозғауға жаңа мүмкіндіктің пайда болуы, жаңа саланың ең басты артықшылығы болып табылады. «Адамды заманы билейді» деп халқымыз бекер айтпаған. Демек, адамзат заман талабына сай өмір сүріп, әрекет жасауы тиіс. Журналистиканы заманауи әлемнің құралы ретінде қарастырсақ, осы кейс арқылы Қазақстанның бизнес саласын көркейтіп, журналистика саласына жаңа серпін әкеле алатынымды пиар-журналист маманы ретінде жеткізе алдым деп ойлаймын.
Менің айтқым келген тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні — әрдайым уақыт толқынында болу, жан жақты фокус ұстау, әр нәрсеге креативпен келе алу пиар маманы үшін маңызы зор. Мен сондай мықты маман болуым үшін үлкен еңбек етуге дайынмын. «Елдің болашағы жастар қолыңда» демекші, елдің дамуына ат салысып жүрген жастар қатарында болу, мұқтаж жандарға көмегімді беру, қоғамдағы құбылыстарды зерттеп-зерделеу жолында өзінің күші мен уақытың аямайтың, қиындыққа төзе білетін, шабыты шыңдалған маман болу деген армандарым үлкен мақсатқа айналмақшы. Абай атамыз «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп айтқандай, айналама пайда әкелу үшін шексіз білім жинап, аяңбай еңбек етуге толықтай дайынмын. Бұл арманымның орындалуына кәміл сенемін. Арман алдамайды!…

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.