«Цифрлық Қазақстан»

«Цифрлық Қазақстан»
Адамзат өркениеті күн сайын жетіліп келеді. Миллиондаған жыл бұрын болған тас дәуірінен, бүгінгі технологиясы жан жақты дамыған цифрлық әлемге өтуіміз үлкен еңбек пен прогресстің белгісі. Қазіргі таңда адамзаттың толық цифрлық жүйемен өмір сүріп жатқаны айдан анық. Заманға сай жаһандық дамудың біршамасы осы цифрлық жүйеден. Цифрлық жүйе деген не? Ол дегеніміз қоғамға ыңғайлы, қолжетімді етіп, барлық саланы интернетпен қамту, жаңа технологиялар арқылы адам өмірін біршама жеңілдету деген сөз. Цифрлық әлем күнделікті өмірімізде өз көрінісін алуда.
Ел экономикасының жан жақты дамуына сандық жүйенің ықпалы зор, және мемлекеттің индустриалдылығы да осы саланың қаншалықты дамығанынан көрінеді. Бұл туралы алғашқы қаулыны тұңғыш президентіміз Назарбаев 2017 жылы жариялаған болатын. Әлі күнге дейін мемлекет айти, марккетинг салаларының дамуына ерекше мән береді. Себебі, цифрлық индустрияның максималды дамуы басқа салалардың дамуына да серпін береді. Қазақстан индустриалды елге айналуда деп күмінсіз айта аламын. Неге десеңіз, осы екі тұрғыдан қарастыруға болады. Біріншісі кең ауқымды – ол експо 2017. Дәл осы көрме арқылы Қазақстан жаңа инновацияларға бай екенін, технологиялық индустрияның көркейіп жатқанын барша әлемге дәлелдеп, дамыған елдер қатарына қосылуына лайық екенін көрсетті. Ал екіншісінің ауқымдылығы кемірек болса да күнделікті өмірімізде көрінісін алуда. Мысалы, жеке куәлікті, басқа да құжаттарды телефон арқылы «digital» формат түрінде пайдалана алуымыз, ауыл аймақтарға дейін бүкіл еліміз ғаламтормен қамтылғаны, кез келген сатылымдарды интернет арқылы жасап, төлемді белгілі бір қосымша немесе карточка арқылы жасауымыздың барлығы цифрлық әлемге көшіп жатырмыз деген сөз.
Біздің уақытта көптеген мамандықтардың өзі сандық жүйе арқылы орындалады. Бұндай мамандықтар тізіміне мен таңдаған PR digital да кіреді. Бұл сөзімді дәлелдеу үшін, мен пиар мамандығының new media бағытына сай кейсті қарастырғым келіп тұр. Кейстің мәні: біздің еліміз де бақ журналистикасы қатты дамығанымен, цифрлық журналистика енді ғана дамып келе жатыр. Бірақ, менің ойымша, бүгінгі замандағы теледидар, газет пен журналдарға шығатын жаңалықтардың барлығы цифрлыққа өтсе тиімдірек болады. Егер мен арнайы оқу орнын тамамдаған, жоғары санаттағы пиар маманы бола білсем, медиа журналистика саласына жаңа инновацияларды әкеліп, мультимедиялық басылымдарды бүгінгі журналистиканың қарапайым элементтеріне айналдырамын. «Бұны қалай іске асырасың?» десеңіздер, еуропалық ірі БАҚ басылымдары сияқты, жаңалық таратудың заманауи жолдары, яғни, озық технологиялық шешімдерді қолданар едім. Қазіргі заманиуи құралымыз -әлеуметтік желілер. Әлеуметтік желілерге жарияланған жаңалықты қоғамға насихаттау әлдеқайда жеңілдірек болғандықтан, шындықты айта алмай жүрген жандар үшін өз ісін жаһандық тұрғыда қозғауға жаңа мүмкіндіктің пайда болуы, жаңа саланың ең басты артықшылығы болып табылады. «Адамды заманы билейді» деп халқымыз бекер айтпаған. Демек, адамзат заман талабына сай өмір сүріп, әрекет жасауы тиіс. Журналистиканы заманауи әлемнің құралы ретінде қарастырсақ, осы кейс арқылы Қазақстанның бизнес саласын көркейтіп, журналистика саласына жаңа серпін әкеле алатынымды пиар-журналист маманы ретінде жеткізе алдым деп ойлаймын.
Айтқым келгені, кез келген салада цифрлық жүйенің маңыздылығы зор. Осы себептен, жас ұрпақ «Цифрлық Қазақстанның» барынша дамуына өз үлесін қосу қажет деп санаймын. Бастысы, елге пайдам тисін деген ниетпен шынайы түрде еңбек етіп, жан жақты фокус ұстап, әрдайым уақыт толқынында болу. Ал мен өз кезегімде ұлы Абай атамыз бағыт бағдар бергендей керек орныма кірпіштей қаланып, мықты маман иесі атанып, еліміздің бизнес саласына жаңа инновацияларды әкелу арқылы цифрлық әлемді дамыту деген арманым үлкен мақсатқа айналды!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.