«Қазақ кино саласы»

Қазақ кино саласы
Құрметті оқырмандар!Қазіргі менің қозғағым келіп отырған тақырып,«Қазақ кино саласы». Яғни,қазіргі таңда кино саласы қарқынды дамып жатқанын айта кету керек.Нақтырақ айтатын болсам,қазақ зиялыларына арналып түсірілген кинолар жарыққа шығуда.Оның ішінде:Ахмет Байтұрсынов,Қаныш Сәтпаев фильмдерін айтсақ болады.
Алдымен,Ахмет Байтұрсынов фильмі жайлы айтатын болсам,басты рөлді-Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері-Азамат Сатыбалды   сомдаған болатын. Фильмде Ахметтің елі үшін азап шеккені,түрлі қиындыққа тап болғаны,оған жала үстіне жала жабылғаны көрсетілген.Жалпы фильм 2021ж-дың 16-Желтоқсан айынан бастап, көрсетілімге шыға бастады.
Ал, Қаныш Сәтпаев фильмінде, басты рөлде-Әсет Есжан сомдап шыққан болатын.Бұл фильмде,Қаныш Сәтпаевтің қазақ жеріндегі қазба байлықтарды зерттегені көрсетілген.Фильм 6-бөлімнен тұрады.Тағыда айта кететін жайт, алдағы уақытта: Жәңгір ханның, Мұқағали Мақатаевтің,Жамбыл Жабаевтің фильмдерін түсіруге мақсат етіліп отыр.Қай фильм болмасын, қай зиялы болмасын, көрермендердің көңілдерінен шығары анық.Бұл зиялыларға, қайраткерлерге арналып кино шығып жатқаны мені қатты қуантады.Себебі,қазігі заманда жастар кітаптан көрі технология арқылы білімді тез қабылдайды.Яғни, бұл шығып жатқан кино арқылы сол зиялы адамның өмірін,тағдырын,басынан өткерген қиыншылықтарын,көре отырып тың деректермен таныса алады.Сол себепті,сіздерге осы фильмдерді үзбей көруге кеңес беремін.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.