Тіл табысу жолы (Дейл Карнеги кеңесі)

XXI ғасырда адам баласының қоғамда өз орнын тауып,қандай да бір жетістікке жетуі адамдармен тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асады.                                                    Қазірде екінің бірі өзін айналасындағыларының арасында маңызды,әрі сенімді адам ретінде сезінгісі келеді.Бұл жағдайда өзгемен дұрыс диалог құру үлкен рөл атқарады.Осыған орай мен сіздерге Дейл Карнегидің 1936 жылы жазған-«Қалай өзіңе достарды жаулап,оларға өзгеріс тудыра аламыз» атты кітабынан кейбір кеңестерді ұсынамын.(Ал қалған кеңестерді осы кітап арқылы таныса аласыз).                                            Ең әуелгі маңызды,әрі білу кажет дүние-шынайы және таза ниетпен адамға деген қызығушылығыңды көрсету.Бұл қарапайм ғана дүние.Мысалыға, өзіңіз қалаған адамнан оның күнінің қалай өткендігі, бүгін қандай оқиға болғандығын, мәселесі болса қалай көмектесе алатындығыңызды, т.б сұрақтар қою арқылы білдіру.Осы сәтте ең бастысы шынайы ниетіңізді көрсетіп,шектен шықпау болып табылады.Себебі, өзгемен тіл табысу үшін ең алдымен өзіңізге жақсы қасиет сіңдіруіңіз керек.
Екіншіден, адамға күлімсіреп сөйлеу.Күлімсіреп сөйлеу әсіресе алғаш танысқан адамға жақсы әсер қалдырады.Бұл кеңестің артықшылығы,басқаға жағымды көрінгенімен қоймай, екі жақтыңда көңіл-күйдің сәл де болсын көтерілуіне ықпал етіп, стресстің азайуына көмектеседі.
Үшіншіден,адаммен өз аты бойынша сөйлесу.
Төртіншіден, диалог барысында өзгені тыңдау.Тыңдау дегенміз жай ғана үндемей отыру емес, керісінше оның айтқан сөзін бөлмей, оны мұқиат тыңдап, алда сұрақтар қойып болсын әңгімеге тарту.
Бесіншіден, әңгіме барысында өзіңді ғана емес, өзгеніде де қызықтырарлық тақырыпта әңгімелесу.Бұл жағдайда әңгіме екеуіңізге де қызықты болып, диалог жақсы өрбеледі.Өзіңіз ойлап қараңызшы,егер сізбен жалықтырарлық тақырыпта әңгімелессе сіз қалай отырар едіңіз?
Осы қарапайым негізі ережелерді қолдану арқылы сіз адаммен қарым-қатынасты жеңілдете аласыз.Бұл ережелерді орынды қоланып, өзіңізді әрдайым шыңдай беріңіз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.