«Дидактикалық ойындар» (ойын сабақ)

Мақсаты: Балаларға ойындар арқылы зейіндерін тұрақтандыру.Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту
Әдіс-тәсілдер: Ойын технологиясы,түсіндіру,көрсету,әңгімелесу,сергіту сәті
Көрнекіліктер: суреттер,бейнекөрініс,ойынға арналған үлестірмелі материалдар
Барысы:
Сәлеметсіздерме,балалар.Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.Балалар көңіл-күйіміз қалай? Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде болмақ. Ендеше ойын сабағымыздың шаттық шеңберінде ойын түрінде бастайық.
Шаттық шеңбері:
«5 саусақ»
Бұл шаттық шеңберінде балалар ерекше әдіспен жасаймыз. Бұнда қол мен жұдырық бейнеленген.Бейнеге байланысты қолдарымызды сәйкестендіріп қоямыз.
Жарайсыңдар, балалар.
Балалар енді ойын ойнауға қалай қарайсыңдар.
Ендеше 2 топқа бөлінейік.
1-тапсырма: «Гүлдерді орналастыр» ойыны
Ойын барысы: Балаларға гүлдер таратылады.Балалар қолдарындағы шамдарды гүлдерге түсіріп , гүлден көрінге бейнені аттарын атап, ерекшеліктерін айтып беру.
Қимылды ойын
Ойын барысы: Балалар қолдарына таяқшалар ұстап тұрады.Сол таяқшалар арқылы құтыны бір-біріне беру арқылы ойынды жалғастырады.
Сергіту сәті:
Қимылды ойын
 «Ауладағы гүлдер» ойыны
Ойын барысы: Ортада гүлдің тостақаншалары қойылады. Ол тостақаншаларда 1-5 ке дейінгі сандар жазылады.Тәрбиеші кубикті лақтырғанда қандай сан туссе, сол сан жазылған тостақаншаның жанына барып,санына байланысты күлтешелер қойылады.
«Не байқадың?» ойыны
Ойын барысы: Интерактивті тақтадан суреттің жартысы беріледі.Балалар бейнеге сай суретті табу қажет.
Қорытынды:
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: 1-5 ке дейін санауды
Игеруі керек: әр суреттердің мағынасын түсінуді
Меңгеруі керек: Санауды,түстерді

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.