«Ақ ұлпа қарлар»

Мақсаты:Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру.Қардың қасиетімен таныстыру.Ақ ұлпа қарлар туралы түсініктерін кеңейту.Тіл байлықтарын, есте сақтау ,сөздік қорларын молайту.,ойлау қабілеттерін дамыту.Балаларды ұйымшылдыққа, тазалыққа үйрету.
Әдіс- тәсіл:Әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,сергіту сәті,ойын.
Сөздік жұмыс:Ақ ұлпа қар,Аққала.
Ғажайып сәт:Аю қонаққа келеді.
Керекті құралдар:Қыс мезгілінің суреттері,Ақ гуаш ,алдын-ала көк түске боялған қағаздар,
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар амандасады.
Шаттық шеңбері:Сәлем,сәлем!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Қыс мезгілі
Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болды?
Балалар:Суық болады,Қалың киінеміз,Қар жауады.
Балалар қар жауғанда далада не істейміз?
Балалар:Аққала жасаймыз,шанамен ойнаймыз,қарды қолымызбен ұстймыз.
Дұрыс айтасыңдар балалар!
Енденше,бүгіні оқу қызметіміздің тақырыбы Ақ ұлпа қарлар.Бүгін біз ақ ұлпа қарлармен танысамыз.
Балалар қардың түсі қандай болады?
Балалар:Ақ болады
Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
Балалар:иә
Ендеше қар ақ түсті,суық болады екен, иә?Қарды алақанымызға салсақ еріп кетеді .Балалар қардың бірнеше түрі бар.Ақша қар, жапалақ қар,ұлпа қар.Қане балалар барлығымыз қыс мезгіліндегі орманды көруге саяхаттайық.Қараңдаршы балалар мына  үлкен із қандай аңның ізі болды екен?Бұл із аюдың ізіне ұқсайды.Ізбен жүре отырып аюдың апанына кезігеміз. (осы езде аю апанынан шығады )
Сәлеметсіз бе аю,Біз қыс мезгілін тамашалап ормаға келіп едік ,байқамай сізді оятып жібердік.
Аю:Сәлметсіңдер ме балалар, мен қыс бойы апанымда ұйқтаймын.Мен қардың қалай жауатынын ,қандай болатынын білмеймін.
Аю сіз бізбен бірге балабақшаға жүріңіз.Сізге балалар көптеген тапсырма орындап,қардың қандай болатынын көрсетеді.
Аю:Жарайды,жүріңдер.
Балалар  оқу үстеліне жайғасып,Аюмен бірге қардың бейесін қағаз бетіне түсіреді.
Аю міне көрдіңіз бе, қардың қандай болатынын?
Аю:Рахмет балалар!жарайсыңдар,Сендер маған қардың қандай болтынын көреттіңдер.Енді мен апаныма қайтып ұйықтайын.Көктем мезгілінің келуін күтейін.Сау болыңдар балалар!
Балалар:Сау болыңыз Аю!
Аю жұмыс орыдап болған соң балалармен қоштасып шығып кетеді.Балалар орнына жайғасады.
Сергіту сәті:Аққала әні.
Балалар сонымен біз бүгін не жайында білдік?
Қардың түсі қандай блады екен?
Біз қайда бардық?
Орманан нені көрдік?
Жарайсыңдар балалар,сендер бүгінгі ашық оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.Оқу қызметі осымен яқталды.Сау болыңдар!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.