«Тілім барда айтылар сыр ойдағы…»

 
«Тілімбарда айтылар сыр ойдағы…»
Мектеп оқушыларына арналған 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні қарсаңында өтетін мерекелік кештің сценарийін ұсынамыз.
Кештің мақсаты: оқушыларды өлең оқып, ана тілі туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.
Көрнекілік құралдар: Танымал ғалымдардың тіл туралы айтқан ойлары жазылған плакаттар, тіл туралы слайд, Қазақстан туралы бейнероликтер.
 
.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тіл мерекесіне арналған сценарий
 
1-жүргізуші:
Танытқан қазағымның қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.
Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! Бүгін бізде дүбірлі той, мерекелердің ұлысы – Тілдер мерекесі!
 
2-жүргізуші: «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы» деп Шыңғыс Айтматов айтқандай Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл — әрбір елдің жаны.
 
1-жүргізуші:
Бүгін 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай өздеріңізбен қауышып отырмыз. Тіл — әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.  Ендеше, ұлттық, рухтың алтын діңгегі тіл мерекесі құтты болсын! !  Мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
2-жүргізуші:
Тіл құдіретін сездім жырдан, дастаннан,
Тілмен бірге орындалар басты арман.
Қазағымның бұзылмай қаймағы,
Көк төрінде желбіреді байрағы.
Қазақ тілін әлем танып сыйлады,
Ана тілде әнұраным сайрады!
1-жүргізуші:
Тіліміз барда, ұлттығымыз, тәуелсіздігіміз мәңгі жасайтыны анық. Тілдің құдіреттілігі сондай ұлт болып өмір сүрудің өзі тілден бастау алып отыр. Ендеше, Хакім Абайдың «Сегіз аяғын» тыңдап көрейік.
Ортада 1курс студенті      Мұхидинов Мақсат                       
2-жүргізуші:
Тағдырың да талантың тіл дегенің,
Жоқ болса тіл мылқаусың,үндемегін.
Тіл емес пе сүйгенге сыр айтқызған,
Тіл емес пе өсірген іргеде егін — деп ақындар жырына арқау болған  жыр – тіл жыры. Тіл жыры мәңгі жыр, ол бітпек емес. Олай болса ортада  көсемсөз шеберлері!
 
Әлішер:
«Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы»,
Мұхтар Шаханов
 
Жаһандану рухсыздығы өз жеңісін тойлауда.
Содан қазір қаншама адам бейім былай ойлауға:
“Мен қай тілде еркін сөйлеп, оқи алам, жаза алам,
Білім, жұмыс, нан таба алам, сол тіл-менің өз анам”
Бірақ қарсы тұжырым бар осы адасқан байламға:
Біз жалқыны мойындамай, ұға алмаймыз жалпыны.
Тіршілікте бір адамды шексіз сүю арқылы
Адамзатты тану әрі сүюге жол табасың.
Және әркім шын қадірлеу арқылы өз анасын,
Ұғар оның сатылмайтын сезімінің бағасын.
Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы
Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны.
Өз тіліңде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап
Бүкіл баба рухымен
Ұлттық, гендік-ақпараттық байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата мұра шамын солай өшірер.
Өз тіліңді жерсінбеудің,
Өз анаңды менсінбедің?..
Мейлі он тіл,
Тіпті жүз тіл меңгергенің далбаса
Өз ұлтыңның тілі менен рухы
Ой-санаңа іргетас боп қалмаса.
 
Аружан : «Қазақ тілі»
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың …
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
 
Дилора   Сырбай Мәуленов «Қазақ тілі»
Қазақ тілі
Орта жолда бүріп тастап оқ құзғын,
Құлап жаттым құшағында көк мұздың,
Қасіретімді — қазақ тілін қанат қып,
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Көкірегінен атылса да оқ күздің,
Жаз етіп мен күздің өзін өткіздім.
Шаттығымды — қазақ тілін қанат қып
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Сол тілменен дүниені атадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда уыз сүті ананың,
Жатты онда аманаты атаның.
Сол тілменен махаббатқа тіл қаттым,
Сол тілменен талай гүлді жырлаттым.
Сол тілменен сәбилерді сөйлетіп,
Талайлардың көз жастарын құрғаттым.
Сол тілменен аспан көрдім,
жер көрдім,
Сол тілменен көгершінге жем бердім.
Сол тілменен дүнисден кетемін,
Сол тілменен дүниеге мен келдім
 
1– жүргізуші:
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛI – мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЬІ, САЛТ – ДӘСТҮРІ – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Ортада Мырзағалиев Жеңіс, Жарасбек Серікбол  «Ерке сылқым» күйімен! Қабыл алыңыздар!
 
2-жүргізуші:
Тіліп түсер білгенге тіл дегенің,
Тілім барда мен басқа түрге енемін.
Тілімнің арқасы ғой әрқашанда,
Бойыма дарыса егер білмегенім.
 
 Сахнада Өзбек биі қабыл алыңыздар!
 
1-жүргізуші:
Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.
 Ортада Рамазан мен Әлішер «Батырлар ұраны» қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Тіл деген – адастырмас темірқазық,
Өрісі магнитінің өмірге азық.
Қадірін тілдің сұра кереңдерден,
Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.
Ана тілін жырламаған ақын кемде кем шығар. Әр ұлт үшін өз ана тілі алтыннан бағалы.
Мәнерлеп оқу Орыс (Гүлаз)
Мен орыспын, сыйлаймын қазақ ұлтын,
Қастерлеймін тарихын, салт — дәстүрін.
Өйткені мен өркендеп осы жерде,
Топырағын қазақтың басып өстім.
Өзбек (Құрмантай)
Мен өзбекпін, сүйемін қазақ жерін,
Қазақ жері — ол менің туған жерім.
Сағынамын шет шықсам қазағымның
Тау — тасын, өзен — суын, асқар белін
Ағылшын (Райхан )
Мен ағылшын, сүйемін қазақ тілін,
Қаймағы бұзылмаған ғажап тілің.
Қазақ тілі лайық деп білемін,
Болуға ортақ тілі халықтардың
 
 
1-жүргізуші:
Халқым теңіз толқыған, тілім терең
Мен мақтанам баршаға тілімменен
Ең асылың не?- десе құрметтейтін
Ойланбастан асылым тілім дер ем
 
 Қазақ биін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Дүниенің ең сұлу ғажап тілі
Ол менің ана тілім-қазақ тілі!
Осы тілде айтылған алашымның
Қуанышы, қайғысы, азап-мұңы.
Тілмен мәңгі қазақтың қазақтығы
Тілмен мәңгі қазақтың азаттығы!
Ортада Дарханқызы Аяулым                                          әнімен  қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Туған тілім тірлігімнің айғағы
Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін,-
«Балбырауын» күйін қабыл алыңыздар!
1 жүргізуші:
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар
Мақсат Мұхидиновтың орындауында «Туған жер» қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
Ортада –Айсұлу Уәлиханқызы «Қазақ елі» әнімен қарсы алыңыздар!
 
О, адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоқыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.
Бүгінгі тіл мерекесіне арналаған кешімізді жабық деп жариялаймыз. Тыңдағандарыңызға рақмет!
Қош сау болыңыздар! ( ВМЕСТЕ )
 
 
 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.