2022-2023 оқу жылының басталуы «Мектепке жол — Шекарасыз жақсылық» акциясымен бірге.

2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
      Акцияны ұйымдастырушылар өз қаласының барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайда отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлесін қосу ұсынысымен жүгінеді.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы — 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.
Акцияны ұйымдастырушылар:
1) ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті;
2) Облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері;
3) Білім басқармалары;
4) Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер;
5) Орта білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы Департаменттер;
6) Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссиялардың хатшылары, басқа да мүдделі тараптар кіреді.
Жалпы өткен оқу жылында мектебімізді 1300 оқушы аяқтаса: оның 2 жетім, 93 аз қамтылған, 231 көп балалы, 12 өгей әкемен, 2 өгей шешемен тұратын отбасының оқушылары. Осы оқушылар Алатау ауданы әкімдігі, Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізген шарада қолдау көріп отырды.
Жақсы істің жемісті болуы оның жүйелі жүзеге асырылуымен Мектепке жол» қайырымдылық акциясының аясында №41 жалпы білім беретін мектеп биыл да көптеген қамқорлық шараларын көрсетсек деген мақсатпен акциясының бастауы жасалынды. КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗАМЫН ДЕГЕН ЖАНАШЫР ЖАНДАРДЫ КҮТЕДІ. Мектебіміздің байланыс телефонына хабарласа аласыздар!
  Алматы қаласы, Алатау ауданы
 №41 жалпы білім беретін мектептің
әлеуметтік педагогы
Текебай Ұ.А.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.