Театр әлемі
Айгуль
Кабдрасина Айгуль Толбаевна
Тақырыбы: «Театр әлемі»
Білім беру дағдысы: «Көркем әдебиеті»
Ортаңғы «Балдырған» тобы:
Мақсаты: Балабақшада балалардың ертегі арқылы тілін дамыту ,шығармашылығын дамыту,ертегіні мазмұнына сахналауға үйрету ,рольдерде ойнау шеберліктерін жетілдіру,театр өнеріне қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер:ноутбук ,флешка,ертегілер суреттері,театр қуыршақтары.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап
Ұйымдастыру іс-әректі: Шеңберге тұрып «Шаттық шеңберін ұйымдастыру»
Қайырлы таң көк аспан
Қайырлы таң жер ана
Қайырлы таң достарым
Сәлем,сәлем!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
3-ай бар
-Қыс мезгілдерін атайық
Желтоқсан,Қаңтар,Ақпан
Жарайсыңдар балалар!
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Балалар мен мынындай қобдиша тауып алдым кәнекей бәріміз ашып көрейік не бар екен ішінде.
Ашуға маған көмектесіп жіберіңдер,ол үшін бізге сиқырлы сөздер қажет сияқты.(Сиқырлы сөздер айтылады)
-Ал кәнекей қараңдаршы не шықты ішінен?
Шалқан
Дұрыс айтасыңдар қазір біз осы ертегіні тыңдайық.
Аудио таспа арқылы «Шалқан ертегіні» тыңдатады.
Балалар осы ертегі кейіпкерлерінен жұмбақ жасырайын сендер табыңдар
-Тікірейіп құлағы
Таңмен бірге тұрады
Бойын жазып керіліп
Беті қолын жуады?
Мысық
-Жарайсыңдар дұрыс таптыңдар!
Сергіту сәті:
Біраз бойымызды сергітіп алдық енді ертегімізге оралайық.
Мен сендердің ертегіні қалай түсінгендеріңді білу үшін ертегіні өздерің сахналап көрсетулеріңе шақырамын.Кәнекей кім шығады?
Балалар ертегіні театр қуыршақтарымен рольдерге бөлініп сахналайды.
-Балалар ертегіні өте тамаша сахналадыңдар!
Енді біз ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Ертегіні құрастыр»
Мақсаты:ертегі кейіпкерлерінің суреттерін ертегі мазмұны бойынша рет-ретімен орналастыру.
Қортынды:Сұрақ-жауап
-Балалар шалқан жеміс пе әлде көкеніс пе?
Көкеніс
-Ертегіде шалқанды кім екті?
Ата
-Шалқан қандай болып өсті?
Өте үлкен
-Жарайсыңдар сендер бүгінгі оқу-іс әрекетімізге өте тамаша қатыстыңдар бәріңе үлкен