Өсер ұрпақтың жан дүниесі қолымызда

Кулжан

Эл. адрес

Өсер ұрпақтың жан дүниесі қолымызда

Хихматалимова Кулжан Жумагельдиновна

ЖШС » Бөбек» мектепке дейінгі шағын орталықтың тәрбиешісі

 

Халымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ «Адамның бір қызығы бала деген» екен. Кез — келген адам өмір бойы жете алмайтын бақыты өзінің ұрпағымен келетініне мән бермеуі мүмкін. Біреу бақытын байлықтан іздесе, біреулер мансап қуып, қызмет істеп өмір бойы беделді, жоғарғы қызметте істейді. Мұның бәрі уақытша нәрсе. Адамның негізгі бақыты – өзінің ұрпағы. «Адам ұрпағымен мың жасайды». Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап ата — ана алдында нәзік те қиын үлкен міндет тұрады, ол – ұрпақ тәрбиесі.Баланың жақсы ісін мадақтап, теріс қылығын дұрыстап отырса, ол да үлкендерді сыйлап оларға көмектесуге әрдайым дайын тұрады. Кез — келген іске ұрысып айқаймен жауап беру, ол бала мен ата — ана арасындағы сыйластықты жоғалтады.Ата — ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға, сондықтан да ата — ана балаларының жан дүниесіне үңіліп, өз баласының мінезін жетік білгені жөн. Балалардың айтқан ұсынысын, пікірін жақсы көзқараспен қараған жөн.Бала кішкентай кезінде ата — анасына көмектескісі келіп тұрады, көрген заттарын не үшін керек екенін білгісі келіп тұрады, сол уақытта толығымен жауап беріп түсіндіріп отыру керек. Тіпте, сенің қолыңнан келеді деп тапсырма беріп оны аяғына дейін жеткізу керектігін тапсыру керек. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатырған бала өзінің отбасыға, қоғамға керек екенін түсінеді. Әр істеген ісіне ұқыпты болады.
Баланың жақсысы – әке шешенің ары, ата — ананың абыройы, ал егерде жаман болса онда ата — ананың соры. Сондықтан да баланың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, бойындағы дарынына байланысты әрі қарай білім алу, тіпті қасындағы достары кім екенін мән беру, ата — ананың басты міндеттерінің бірі. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ештеңе жоқ, ол ең үлкен, әрі күрделі мәселе.Бала үшін ата — анасынан, бауырларынан артық адам болмайды. Адамгершілік, бауырмалдық, инабаттылық, кішіпейілділік қасиеттерді бала кішкентай кезінде оны өз отбасынан үйренсе, және де үлкендердің істеген ісін көріп өскен бала, өзі де өсе келе ол үлкен ортада, сол тәрбиелігін көрсетеді, «жақсы, тәрбиелі» деген атқа лайық марапат алады. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген халық даналығы осыған мысал.Балаға сұрақ беріп, ақыл — ойына, қиялына бір сәт еркіндік берсеңіз, оның тың, үлкен адамның ойына келмейтін жауаптар айтуы әбден мүмкін. Балаларға түрлі ертегі айтып беру арқылы, сол ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажырату арқылы жақсы қасиеттерін ойға түйеді.Балаларды тәрбиелеудің тағы да бір жағы — бұл еңбек. Еңбек ақыл — ойды дамытады, әр нәрсені салыстыруға үйренеді, өз ісін жоспарлауға дағдыланады.Балабақшада ойын кезінде да сан түрлі қимылдарды орындайды, қуыршақты киіндіреді, тамақтандырады, жуындырады, ән айтып береді, ұйқыға жатқызады, осындай істерді балалардың жақсы көрушілігі айналаға деген қамқорлығын, еңбексүйгіштігін көрсетеді. Топтағы ең жауапты міндеттердің бірі балалардың еңбекке ықыласының және қабілетінің болуына – еңбек сүйгіштікке баулуының арқасында тәрбиелі болып өсуінің тағы да бір дәлелі. Ежелгі қағида — «бала тәрбиесі бесіктен»- басталады дегендей баланы ата — ана мен балабақша тәрбиелеуі, одан қалды ортасы қоғам тәрбиелеуі тиіс.
Одан өсе келе бала мектеп табалдырығын аттайды, содан бастап мұғалім, бірге жүрген ортасы тәрбиеге араласады. Міне осыдан кейін баланың жүрген ортасы бала тәрбиесіне, оның одан әрі жақсы өсіп жетілуіне көп септігін тигізеді. Көп балалар жақсы ұстазына қарап еліктеп, осы апайға немесе ағайға ұқсасам екен деп бойын, ойын түзейді.Тағы да айта кететін болсақ, ұлттық ойындардың да бала тәрбиесінде алатын орны өте ерекше. Ұлттық ойындардың көпшілігі ұқыптылыққа, мықтылыққа, дене бітімінің жақсы жетілуіне септігін тигізеді. Мысалы: «Омпы»- асықты бір сызық бойына тізу арқылы дәл көздеп ата білуге, шапшаңдыққа, мергендікке тәрбиелейді. «Көтермек»- баланың күшін сынап, өз бойындағы күшті қалыптастыра білуге, жеңе білуге тәрбиелейді. Осы және тағы да басқа ұлттық ойындар балалардың бұзақылық мінез көрсетуіне уақыты болмай, керісінше олардың тәрбиелі, тәртіпті болып өсуіне және пайдалы істермен айналысуына септігін тигізеді.Ұрпағымызды ұлттық тәрбиеге баулып бойына адамгершілікті, мәдениетті, инабатты, өз ана тіліне деген құрметті сіңіре тәрбиелеу алдымен ата — ананың, сонан соң өскен ортасының міндеті. Бала біздің болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.

Пайдаланған әдебиет:

  1. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы А., 1995[1]

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *