Болашақ жастырдың қолында

Сахова Айкерим

Болашақ жастырдың қолында
Білімді жастар — еліміздің болашағы

Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар. (Халық даналығы)

Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін,
өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл — парасаты
мол, мәдени — ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу. Бұл біздің қоғам
алдындағы борышымыз. Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара
тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік
деңгейге бет бұруы, ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп,
адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім мен тәрбиеге ғана
тән.

Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие
болып тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан
қазақстандық барлық мектептерге бүгінгі жайы, даму бағыты мемлекеттің
назарында. Сапалы білім, саналы тәрбие беру әр ұстаздың алға қойған
міндеті болса, өз ісінің білімді, өнегелі азаматы болу – әр оқушының міндеті.
ҚР тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде әлемдік қауымдастыққа кіре
отырып, экономикада айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Осы ретте
қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық
қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің адам ресурстарының
рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер
білім беруге, одан ұтқырлықты жаңа тарихи кезеңінің болмысына парапар
әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете
отырып, оған өз әсерін тигізеді.

Еліміздегі білім берудің ағымдық жағдайына талдай жасау, осы уақытқа
дейін қалыптасқан білім беру жүйесінің ескіргендігін, оны ұйымдастыру
және құрылымдық жағынан түбегейлі өзгертудің, білім мазмұнының
жаңартудың, қазіргі республика дамуының әлеуметтік — экономикалық және
саяси, сол сияқты дамыған елдердің прогрессивті тәжірибесіне отырып,
мамандарды даярлай сапасын жетілдірудің қажет екендігін көрсетті.
Еліміздің алдағы ұзақ мерзімді дамуындағы басым бағыттардың бірі – білім
мен ғылымды дамыту болмақ. Себебі мемлекет басшысы қойып отырған
басты талаптарының бірі – өркениеттің шалқар көшінде бәсекелестікке қол
жеткізу үшін білім мен ғылымды жаңа өрістерге шығарып, интеллектуалдық
серпіліс жасау. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Әл — Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінде оқыған «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: Болашаққа
интеллектуалдық секіріс» атты дәрісінде «Бізге ұлттық интеллектінің діңін
құру қажет, бізге халық аралық деңгейге бәсекеге түсе алатын адамдар
керек» деп атап көрсеткен болатын.

Ұлы Абайдың: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген
нәрселермен озады» — деген сөздері бүгінгі күні ұрпақтың әлемдік ғылыммен
прогресс заңдылықтарына сәйкес бәсекеге қабілетті болып қалыптастыру
үрдісінде де өзекті болып отыр. Қазақстандық білім беру жүйесіндегі
реформалар мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесі мен жоғары оқу орнындағы
білім беру жүйесін қамтиды.

Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2030» Стратегиясының негізгі мақсаты
болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім
беру жүйесінің жана әлеуметтік – экономикалық ортаға бейімделуі болып
табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына Республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы
мақсатты жүзеге асыруды білім беру жүйесін дамыту манызды рөл атқарады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *