«Мамандығым — мақтанышым»

Боранбаева Феруза

«Мамандығым — мақтанышым»
Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалы оқулықтармен де,
жақсы әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау және мадақтау
жүйесімен де, ауыстыруға көнбейтін тәрбиелеушілік күшке ие .
К.Д.Ушинский.
Менің түсінігімше, тәрбиеші тәрбие жұмысына үнемі атсалысып, балаларға
қамқор болып жүретін, тәрбие мен өнерді үйретуші, үйлестіруші жан.
Өйткені, тәрбиеші балалардың ортасында жүріп, олардың мінез-құлқын
біліп, жан-жақты болып өсуіне бірден-бір септігін тигізеді.
Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін әрине, алдымен тәрбиешінің өзінің
жеке басы соған сай болуы тиіс. Шындығына келгенде, тәрбиешінің өзі
өзгеге үлгі боларлықтай болуы қажет деген сөз. Яғни оның бойынан барлық
адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік, сыпайылық
т.б. табылуы тиіс. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар
жүктеледі. Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру
үшін тәрбиешінің жеке басы сол талаптарға сай болуы керек. Тәрбиешінің
жеке басында, сөз бен ісінің арасында алшақтық болмау керек деп ойлаймын.
Бүгінгі таңда тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Қиыны мен қызығы, талабы
мен жемісі қатар жүретін өз мамандығымды қатты жақсы көремін. Өйткені,
бұл мамандық — менің жүрек қалауым. Сондықтан да мен өз мамандығымды
жоғары бағалаймын. Себебі түрлі тәрбиелік шараларды өткізе жүріп,
олардың бойындағы қасиеттерін танып-біліп, бағалап-ескеріп, жан-дүниесін
түсінуге тырысамын. Әр баланың бойындағы көрінбей жүрген талантын
жарыққа шығарып, жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесемін.
Менің тәрбиеші болғандағы басты мақсатым — бүлдіршіндерді кейін
мектепке барғанда бағдарламаны тез меңгеруіне өз септігімді тигізіп, әр
баланың өз бойында бар бір өнерге деген икемін аңғарып, сол өнерін аша
біліп ары қарай дамытуға үлес қосу. Тәрбиешілерге бұл мақсаттың қойылу
себебі: балалар мектепті бітіргенде қай салаға баруын көбіне білмей жатады.
Сондықтан тәрбиешілер баланың бойындағы талабын осы кішкентай кезінен
бастап аша білулері керек. Тәрбиешілерге ақын ағаларымыз көптеген
өлеңдер жазған:
«Анамыздай» — десек те,
«Әжеміздей» — десек те,
Жарасады апайға,
Тек жат қылық көрсетпе.
Бірге ойнайды бізбенен,
Бірге ойнайды бізбенен,
Шешеді өзі жұмбақты,
Біз шешімін білмеген.
Қасымызда күн бойы,
Бәйек болып жүргені.
Анамыздай ардақтап,
Құрметтейміз біз де оны.
Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбиеші міндеті:
білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата
білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына
айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Қай заманда болмасын адамзат
алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін
жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *