Тәрбиеші-жан мамандығым.

Нұсқабаева Гүлайна Алдиярқызы
Тәрбиеші-жан мамандығым.
Мен таңдаған мамандық тәрбиеші. Бұл мамандықты бала күнімнен
армандадым. Себебі: тәрбиеші болып балаларға қамқор болғым келді.
Тәрбиеші болу үшін ең бірінші балаларды жақсы көру керек. Бұл
мамандық үлкен жауапкершілік пен төзімділікті қажет етеді. Тәрбиеші
мамандығы маған өте қызықты. Осы мамандықтың арқасында ата-
аналармен тіл табысуды да үйрендім. Бұл мамандық маған көп нәрсені
үйретті. Әсіресе тілдері балдай бүлдіршіндердің сыңғырлаған күлкілерін
естігенде менің бойымда керемет әсер болады. Баланың баладан
ешқандай айырмашылығы жоқ. Сондықтан да балаларды бір-бірінен бөліп
қарауға болмайды. Керісінше топтағы балаларға ұйымшыл болуды
үйрету керек. Кішкентай бүлдіршіндерді көрсем бірден бауырыма басып
құшағыма алғым келіп тұрады. Мен өзімнің тобымдағы балаларымды
күнде құшақтап, беттерінен сүйіп, бастарынан сипап жүремін. Сонымен
қатар «мен сендерді қатты-қатты жақсы көремін» деп жиі айтып
отырамын. Менің балаларымда соған үйреніп алған. Оларда маған
«бізде сізді қатты-қатты жақсы көреміз»-деп айтып жүреді. Оларда күнде
мені құшақтап, сүйіп жүреді. Бүлдіршіндерімнің ата-аналары «сізге
рахмет!» баламыз сізді жақсы көреді үйде ауыздарынан тастамай сізді
айтып отырады»-деп алғыстарын білдіреді. Міне мен үшін үлкен бақыт
осы. Балапандарым жараланбай аман-есен үйлеріне қуанып қайтса менде
бақытты да қуанышты боламын. Әр баланың тілін тауып, тілдесе білудің
өзі үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Балалардың санасы ақ парақтай
тап-таза сана сезхімге дұрыс тәрбие беріп алғашқы адамгершілік пен
мейірімділік нұрын сеуіп, жақсы білім мен өнер нәрімен сусындату біздің
міндетіміз. «Балалар өмір гүлі» деп бекер айтылмаған. Әр бала мен үшін
өте үлкен қуаныш. Оларды тәрбиелеу мен үшін үлкен бақыт. Тәрбиеші
жан-жақты болу керек. Тәрбиешінің міндеті- балаларды қарап жақсы
тәрбие беру ғана емес, сонымен қатар ертеңгіліктер мен ашық сабақтарды
өте жоғары деңгейде ұйымдастыра білу керек. Балалар әр түрлі
әдістермен сурет салғызу, мағыналы тақпақтар жаттату, қызықты ойындар
мен ғадайып ертегілерді айтып балалардың саналарын жоғарлата білуі
керек. Әсіресе балалар сергіту жаттығуларын жасай отырып,
тақпақтардытез қағып алады. Кейбір тілі енді шығып келе жатқан
балалар сергіту жаттығуларының тақпақтарын айта алмаса да іс-қимылын
тез қағып алады. Оқу іс әрекеті өту барысында балалар қызығатындай
түрлі-түсті ашық түстерді алданумен қатар ертегі кейіпкерлерін қолдана
отыорып, оқу әрекетін өтсе өте тамаша болады. Тәрбиеші мамандығын
таңдағаныма еш өкінбеймін. «Ел есіңде бір жыл қалғын келсе — ас бер, он
жыл қалғын келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғын келсе — бала тәрбиеле»
дейді дана халқымыз.Баланың ой-өрісін дамытуға,олардың қиялына қанат
бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі
орасан.Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты
болсын десек бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік.Ұрпағымыздың
тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық.
Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге
алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма
қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен
қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар
маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы — әр тәрбиешінің бақыты.
Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана
қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің
жұмысы күрделі де қызықты.Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге
келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күндерімді ой
елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған
үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан
сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар
әлемінің теңізіне» бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім
келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты.
Балалар — өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен
баптағанда ғана өседі.
Күнделікті таңертең балабақша ауласына жақындағанда, балалардың
сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Балабақша кіргеннен-
ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, балалардың тәтті
қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын. «Баласыз үй мазар, балалы үй
базар»- деп ата- бабаларымыз бекер айтпаса керек. Балалардың әр күні біздің
көз алдымызда өтіп жатыр. Алдымызға келген балалар — біреудің маңдай
алды жарығы, енді бірі – жал дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан
шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жал
дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада
жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен
батырлық қажет.
Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға
соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі
бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз
санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер
нәрімен сусындату мына біз тәрбиешілердің еншісінде.
Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек
бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік.Ұрпағымыздың тамырына нәр
беретін мамандық екендігін естен шығармайық.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *