Тәрбиеші-ұлы тәрбиенің тірегі.

Рахым Мәдина Амандыққызы

Тәрбиеші-ұлы тәрбиенің тірегі.
Менің өмірдегі бақытым — жүрек қалауымен ұстаз болуым. Ұстаз болу — жай
ғана мамандық емес. Ол адам бағдарын жасаушы. Алғашқы сәбилердің
сыңғырлаған күлкісі, балдай тәтті сөздері, мөлдіреген көздері бәрі — бәрі өте
қызықты сәттер болды. Бала өмірдің гүлі, отбасы дәнекері, ана ғұмырының
жалғасы, ең бастысы, біздің қоғамымыздың алға қарай дамытушы болашағы.
Сондықтан да жас ұрпақты заман талабына сай, көздің ғана емес, көңіл
қуанышы етіп тәрбиелеу – басты міндет. Педагог К. Д. Ушинскийдің егер
педагогика адамды жан — жақты тәрбиелегісі келсе, оны жан — жақты білуі
керек деген терең мағыналы сөзін жадыма сақтай отырып, білімімді
тереңдетіп, ізденуді мақсат еттім. Кішкене сәбимен сөйлесе білу де – үлкен
өнер. Олар бір нәрсені естігені мен көргендерін есте сақтағыш, тез
қабылдағыш, мейлінше сенгіш, барынша таза, адал көңілді, білуге, тануға
құмартқыш келеді.
Менің педагогикалық ұстанымым балаларды денсаулығы мықты адам етіп
қана өсірмей, сонымен қатар кең пейілді, ақылды, жауапкершілігі бар адам
етіп тәрбиелеу. Көздері қарақаттай мөлдіреген балалардың менің өткізген оқу
іс — әрекеттеріме қызығушылықпен қарап отырғандарын ұқтым. Білуге,
үйренуге құштар балаларды көргенде менің шабытым артып, тағы бір арман
пайда болды. Кішкентай, балғын балалар!… болашақ үздік шәкірттерімді
қалай қалыптастырамын, отанын сүйетін адам етіп тәрбиелеуге өзіндік
үлесімді қоса алам ба?- деген сұрақтар мазалап, жаңа жоспарлар құруға жол
ашты. Баланың бойында имандылық, көркем қасиеттерді сіңіру басты
мақсатым болды.
Тәрбиеші баланы жан тәнімен сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі қажет.
Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу,
оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді
қасиеттері арқылы ғана мен өз мәртебемді көтере аламын. Балаға үнемі
қолдау көрсету — менің ізгі ұстанымым.
Балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин «балалармен қысқа, ашуланбай,
байсалды сөйлесу, мағыналы сөздермен түсіндіру керек» деп кеңес береді.
Ал сәби жүрегіне қонымды жауап беру үшін, мен күнделікті оқу іс —
әрекеттерді шынайы, жақсы, қызықты өткізуге тырысамын. Әр оқу іс —
әрекетінің сәтті шығуы бірінші кезекте, әрине, тәрбиешілер қауымына –
өзімізге байланысты.
Менің педагогикалық ұстанымым – кішкентай бүлдіршіндерге сапалы білім
мен саналы тәрбие беру. Болашақта тәрбиеленушілерімнен Қазақстан елінің
жарқын да белсенді балалары болады деген үлкен үміт күтемін.
Тәрбиеші-ол жүрегі жақсылық пен жаңалыққа толы ұлы тұлға. Сол
бойындағы барлық білім мен білікті, тәрбиені баланың жүрегіне жеткізү
үлкен қасиет. «Ел есіңде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың
келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» дейді дана
халқымыз. Баланың ой — өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп,
тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан.
Балабақша тәрбиесінен өтпеген бала-суарылмай тұрған гүл сиякты, барлық
әсем түсінен айырылып қалады.
Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір тәрбиеші алға қойған мақсаты-міндеті
мен педагокикалық ұстанымы болуы керек. Менің өмірдегі ұстанымым-
жүрек қалауы мен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау. Тәрбиеші
болу жай ғана мамандық емес. Ол адам бағдарын жасаушы, келешек
ұрпақтың сәулетшісі. Бүлдіршінді күлімдеп қарсы алып, бар өнерінді үйретіп
бақытты етсең өз ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер
төккенің.
Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға
соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір
үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына
алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен
сусындату мына біз тәрбиешілердің еншісінде.
Мен бөбекжайда төртінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан
емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды
өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.
ТӘРБИЕШІ! Бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мазмұнды сөз деп
танимын. Өйткені, біз елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеудеміз.
Халқымызда «Жас келсе — іске» деген керемет сөз бар. Демек, мен
бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды талапты әрі
талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын
лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы
міндетті орындау мен үшін үлкен бір құрмет. Болашақта өз
тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да
болса үлесім тиіп жатса, мен өзімді бақытты тәрбиеші-ұстаз, бақытты
жанмын деп білемін.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *