Жаңа заман тәрбиеші қандай болу керек

Бактиярова Алтынай

Эл. адрес

Қарағанды облысы,Қарқаралы қаласы
КМҚК «Еркетай»бөбекжайының тәрбиешісі
Бактиярова Алтынай Бакеновна

Жаңа заман тәрбиеші қандай болу керек..
Қазіргі заман талабына сай жаңашыл, үнемі ізденіс үстінде өз білімін шыңдап,желдіріп отыратын ,жаңа әдіс- тәсіл жолдарын қолднуға құштар рухани-адамгершілігі мол,жан- жақты жетілген.Өз ісіне шебер бағдарламаны,әдістемелік шараларды анықтай алатын шебер адамды айта аламыз.Сонымен қатар, тәрбиеші балабақшаға келген әр балаға қамқорлық танытпады.Әр баланың ойнауына,білім және еңбек алуына жағдай туғызады.Баланың толық жан-жақты жетілуіне өз көмегін аямайды.Сонымен бірге, тәрбиеші баламен оның ата-анасымен жақсы тіл табыса алатын қиын сәттерден шыға білетін жақсы психолог болуы керек.Әр ата-ана тәрбиешімен бірге балаларды тәрбиелей отыра болашағына жарқын жол ашады.
XXI-ғасыр тек білім жолы, оқып, білім алу тек өсіп келе жатқан жас ұрпақтың міңдеті. Енді ғана балабақша табылдырығын аттаған жас бүлдіршіндер санасы ақ парақ сияқты тап-таза.Ол ақ қағазға не жазсаң солбетінде қалады. Сол сияқты балабақша алғаш келген балаларға дұрыс жол көрсетіп, білім тәрбие берсе соны қабылдайды.Балалардың ой-санасын дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарын дамыту тәрбиешілердің еңбегі зор. Тәрбиеші- балаға рухани тәрбие, білім, бағдар беретін балабақшадағы екінші анасы.Әрине тәрбиеші болу сөзбен айтуға өте оңай болғанымен, сол салада еңбек етіп жүрген жандар ғана түсінеді.Әр қайсысына көңіл бөлу, қарау,олармен тіл табысу,әр баланың мінезі әр түрлі. Бір бала жылдам,шапшаң, екінші бала баяу, тұйық, ал үшінші бала болса өз-өзімен отырғанды жақсы көреді.Ұлы Абай атамыз айтқандай: Бала анасынан туғанда екі мінезбен туады, біріншісі ішсем-жесем, ұйықтасам ойнасам, ал екіншісі білсем-көрсем, қарасам-оқысам деп қызығушылықтан тұрады. Осындай бәрін білгісі келген балаға дұрыс бағыт-бағдар беру, көмек көрсетуу тәрбиешінің міндеті ьолып саналады.Әр баланы зерттеп, мінез-құлықтардағы ерекшеліктеріне сай тәрбиелеу.Заманауи тәрбиеші алдындағы міндет-балабақшадағы барлық балаларға бірдей қарап, заман талабына сай білікті ұрпақ тәрбиелеу.
Қорыта келгенде: Жаңа Қазақстан ел болуыжас ұрпаұтың жан-жақты дамуын заман талабына сай жеткізуін,тілін-мәдениетін,тәлім-тәрбиесін жаңартуды талап етеді.»Заманға сай тәрбиеші» деген ұғымның түйіні- өз кәсібінің маманы,жаңа технологияларды меңгерген,салиқалы ұрпақты тәрбиелейтін, трең білім мен рухани жаңғыру қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңірген- еңбекқор, жаңашыл тұлға.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *