Табиғатпен дос бол

Әбдімомын Арайлым Жақсылыққызы

Эл. адрес

 

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы «Мирас» бқбекжай бақшасы Тәрбиеші: Әбдімомын Арайлым Жақсылыққызы

 

Тақырыбы: «Табиғатпен дос бол!»

Білім беру саласы: «Әлеумет», «Қатынас»

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу, Сөйлеуді дамыту,

Мақсаты: Қоршаған ортаның адам мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып, экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа қамқорлық жасауға үйрету.

Көрнекіліктер: Видео-слаид, тақырыпқа байланысты суреттер

Әдіс- тәсілдері: Джигсо әдісі,әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,триз,жұмбақтар,мақалдар, Вен- диаграмма

 

Әрекет кезеңі Тәрбиешінің қызметі Баланың қызметі.
Мотивациялық қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ізденуші ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызықтыру сәті:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-Ойын тапсырма:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-Ойын тапсырма:

Үстел-үсті жұмысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тапсырма

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық түзетушілік:

 

 

 

 

 

Балалар амандасу әдептіліктің баспалдағы,алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Психо жаттығу.

Біз әдепті баламыз

Жайнай берсін даламыз

Табиғатпен дос болып

Қамқорлықпен қараймыз

-Жарайсыңдар балалар олай болса мына тұрған үлестірмелі карточкаларды таңдау арқылы үш топқа бөлінеміз. (Жер,су,ауа тобы)

(Балалар джигсо әдісі арқылы үш топқа бөлініп,әр топ басшысы өз топтарының атын қорғап шығады)

 

-Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Бір жерінде ыстық

Бір жерінде суық

Бір жерінде күн

Бір жерінде түн

Керемет алып неткен

Ол не нарсе екен?

-Дұрыс айтасыңдар балалар міне мынау жер шары, жер шары ол біздің тұрып жатқан жеріміз,жер шарының пішін қандай?

 

-Балалар олай болса бәріміз теледидарға назар аударайық.

Балаларға видео-ролик экология жайлы көрсету

-Балалар табиғат дегеніміз не?

 

-Табиғат-бізді қоршаған дүние,аспан мен жер,тау мен су,жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі.Адам мен табиғат бір бірімен тығыз байланысты.Адамдар әрқашан табиғаттың сұлулығына тамсанып үнемі қамқорлық жасаған.Бірақ уақыт өте келе даламыз,жеріміз аяусыз жыртылып,қойнауындағы қазба байлықтарды қазып ала бастадық,көліктердің,завод фабрикалардың көбеюінен ауамыз ластанды, айналамыз қоқысқа толды.  Осының бәрі адамдардың жерге аса немқұрайлы қарауының әсерінен болады екен.

 

Қонаққа табиғат ана  келеді:

-Сәлеметсіңдерме балалар!

Мен табиғат анамын,мен мұны бұрын мақтанышпен айтатын едім,бірақ, қазір мен мақтана алмаймын. Өндірістен шыққан «у», менің төсімде ағып жатқан суда у,мені қоршаған ауада лас,ол ауаныжұтқан адамда ауыру,жан-жануарларда ауыру,өсімдіктерде ауыру артық себілгентыңайтқыш, менің жаныма әбден батты…Не істеу керек білмеймін!.Адамға ауа,су, және топырақ өте қажет.Осы үшеуіміз арқылы барлық тірі табиғат өмір сүреді емес пе?Сондықтан да,адамзат қатесін мойындап,бізге қамқорлық жасардеп сенемін.

-Балалар мен сендердің табиғат анаға қалай қамқорлық жасайтындарыңды білгім келеді,сол  үшін сендерге қызықты тапсырмаларды дайындап әкелдім.  Табиғаттың жайнап гүлденуі болашақ сендер сияқты жас ұрпақтың қолында . Тапсырмаларды орындауға дайынсыңдарма?

-Сәлеметсіз бе Табиғат ана, келіңіз,біздің балалар өте білімді сіздің қызықты тапсырмаларыңызды әп сәтте орындап тастайды.

-Балалар табиғат ананың тапсырмалары ақылымызды білімімізді саралайтын қызықты жарыс екен. Жарыс үш кезеңнен тұрады.

1-кезең: Ойнайық та ойлайық:

Жұмбақтар

(Балаларға жұмбақтар жасырылады,жұмбақтың жауабын табу арқылы су,ауа,жердің пайдалы тұстарын айтады)

Мақалды жалғастыр

(Балаларға мақалдың басы айтылады балалар мақалды жалғастырады)

Тақпақтар

(Балалардан табиғат туралы тақпақтар сұрау

2-кезең:  «Суреттер сайысы.»

Ауа тобы:

(Ауа ластағыштарын табу)

Су тобы:

(Суды ластайтын ластағыштарды табу)

Жер тобы:

(Ластанған жерлерді табу)

 

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Күн болып күлейік

Гүл болып жайқалайық

Құсқа болып ұшайық

Жаңбыр болып жауайық

Кемпірқосақ жасайық

Орнымызды табайық

 

3-кезең. «Кім жылдам»

Дидактикалық ойын:

«Қоқыс сұрыптау»

Мақсаты: Балаларды табиғатты аялауға,қоқысты шашпай сұрыптауға үйрету

 

 

-Балалар біз табиғат анамыз жайнап гүлдену үшін не істеуіміз керек?

 

Табиғат анаға алғыс айту.

Табиғат сұлулығың үшін рахмет.

Аспанға таза ауа бергенің үшін рахмет

Күн шуақ шашқаның үшін рахмет

Су өмір нәрі болғаның үшін рахмет

Ағаш жанға сая болғаның үшін рахмет

 

Балалар шеңберге тұрып қимыл  іс –әрекетте айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жер шары

 

 

 

-Дөңгелек

 

 

 

 

 

-адам,жан жануар,құстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Сәлеметсізбе Табиғат ана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады

(Күн)

 

Бір тал кессең——-Он тал ек!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар тәрбиешімен бірге орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-көбірек көшет отырғызуымыз керек

-құстарға,жануарларға қамқорлық жасауымыз керек

-Жасыл желек гүлдерге су құйып күтім жасауымыз керек

-ағаштарымыздың діңін құрт-құмырсқа жеп қоймас үшін оны әктеуіміз керек

-қоқысты жерге шашпай оны арнайы қоқыс жәшігіне тастауымыз қажет.

 

 

Күтілетін нәтиже: Балалар табиғатты қорғап,оны аялау керектігін біледі:

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *