Мұғалімнің рухани кемелденуі

Уайденова Назым

Эл. адрес

Мұғалімнің рухани кемелденуі

Уайденова Назым Мажитовна
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, «Балақай» бөбекжайы», қазақ тілі мұғалімі

Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағыұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез-келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу мұғалім еншісінде екені айдан анық.
ХХІ ғасыр-ғылым ғасыры дейміз. Сол себепті жас ұрпаққа, жас буынға білім беру, тәрбиелеу жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мұғалімнің жұмысы зор.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі әлемдегі ең басты құндылық – адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына-жақсы адам болуға баланы мектеп жасынан бастап үйрету керек. Бұл тұрғыда мұғалімнің, тәрбиешінің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, балалар психологиясын терең талдай отырып, белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады.
Мектепке дейінгі балалардың өздеріне, өз отбасына, достарына және үлкен адамдарға байланыстыэмоционалды-мотивациялық ұстанымдарын қалыптастыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр ұйымдастырылған іс-әрекеттің мазмұндылығы мен мәнін байыта түсуде методикалық әдіс-тәсілдерді және ойын, жаттығулар, жағдаяттарды сәтті пайдалану арқылы мұғалім зор мақсаттарға қол жеткізе алады.
«Әр бала –керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шетсіздікті танып-білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көз қарасы баланың белсенділігін арттырады. «Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі»,-деп белгілі педагог Ш.Амонашвили айтқандай мұғалім шеберлігі мен білімділігі баланың құндылығы мен маңыздылығын аша түседі.
Алдында отырғанмыңдаған көздерге аяушылықпен қарау, адамгершілікке тәрбиелеу, сүйіспеншілікке баулу рухани кемелденген ұстаздың әдісі. Тәрбиеші, мұғалім алдында отырған баланы тәрбиелей үшін, біріншіден өзі өзгеріске ену керек. Яғни, ең ұлы күш әр адам өзін-өзі терең тану арқылы рухани кемелденуіқажет. Себебі адам өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін тани біледі. Ал өзін тани білу сананың қалыптасуынан тұрады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Бала тәрбиелейтін ұстаз бойы рухани-адамгершілік қасиеттерге бай болу керек, яғни баланың ішкі жан-дүниесін байыту және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты тәрбие беру. Адамгершілік тәрбие бере отырып, тәрбиеші, ұстаз өз білімдерін шындай түседі, сезім мен көңіл күйлері, олардың қоршаған орта, басқа адамдармен қарым-қатынастары кеңейе түседі., бала мен тәрбиеші бір-біріменішкі жан дүниесімен қарым-қатынасқа түседі. Бұндай жағдайда тәрбиеші үйрете отырып, үйренеді. «Адамның адамшылдығы-ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы дос, жақсы ұстаздан болады»-деп Абай атамыз айтқандай, негізі дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттерді бала тәрбиешіден, ұстаздан алатыны айдан анық.
Қорыта айтқанда баламаен жұмыс істейтін әрбір тәрбиеші мен ұстаздың бойында жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, сүйіспеншілік, кең ойлай білу, шығармашылық ізденіс,, баланы шабыттандыра білу, баланы адам ретінде қабылдай білу сияқты рухани-адамгершілік қасиеттерін сіңіру қажет десем артық болмас. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік саналары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке шақырады. Рухани кемелденген ұстаз рухани құндылықтардың –ең қайнар көзі адамгершілікке , жамандықты, жақсы қасиеттерді жете білуінде.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *