Баяндама

Гаухар Талипқызы

Эл. адрес

Ойын арқылы таным үрдістерін,қол машықтарын дамыту.

«Ойнай білмеген, ойлай да білмейді» Халық даналығы XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ойөрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні — мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болыптәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Балалардытәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы көпектепке дейінгіжастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез— құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен біргеойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным— түсінік, мінез— құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бірәрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Ойындардың негізгімақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының ісәрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Мектеп жасынадейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісітілдамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Бізбалалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, олардыайналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдікқарымқатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасынадейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісіндетәрбиешінің: — балалардың сөздік қорларын дамыту; — жаңа сөздерді меңгерту; — үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың біререкше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің артуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркінұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайыойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балалардызаттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі олардыойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесеқасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Соныменбалалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызшасөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан-жақты дамыту ісінеерекше көңіл бөлеміз және бұл біздің ең негізгі алдымызға қойған мәселеміз. Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Ойынның маңызы: 1. Ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы, артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады. 2. Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, балалардың білімінің сапасын арттыруда, оқу іс-әрекетін қызықты өткізуге, тәрбиеші үшін тиімді. 3. Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелейді Тәрбиешілерге балалардың есте сақтау қабілетін,қиялын,қабылдау қабілетінейін тұрақтандыруға,аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған көмек құралы ретінде төмендегі ойындартоптамасын ұсынып отырмын. 1) Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар Төрт құбылыс Балаларшеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» — десе қолдарын алдынасозады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кімшатасса ойыннан шығарылады. Көңілді шеңбер Балаларшеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Солкезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттардықыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балаларкөздерін ашқанда не өзгерді? — деп сұрайды. Ең зейіндібалаға сыйлық беруге болады. Орныңды тап Балаларшеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есіндесақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісібойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойыншашеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығарылады. Ойыншықты сипаттаЖүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттапберуді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап бергенбала ойынды әрі қарай жалғастырады. Сөзді есіңде сақтаЖүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайшақалған сөздерді түгел айтып шығу керек. көктем — жаңбыр жаз — күн шықты аспан — бұлт жер — шөп 2) Қиялды дамытуға арналған ойындар Менің көңіл-күйім қандай Балалар өз көңіл-күйлеріне сәйкес келетін суретті тауыпатайды (көңілді — көңілсіз, ренжулі, қорқынышты, …т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды. Басқа суреттегі көңіл-күйге сәйкес болған жайды әңгімелеп береді. Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойындыөткізуге әзірлік болып табылады. Ойын-балалардың өміртанымының алғашқы қадамы. Ойын, төзімділікті,алғырттықты, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, іскерлікті, көп білуді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Ойын тек баланың, дене күшін, қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа , дәлдікке т.б. ғана тәрбиелеп қана қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниесінің қалыптасуына, есейуіне де пайдасын тигізеді. Ойынбаланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытадыйын— бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспейді, жан-жақты дамымайды, бала отбасыменжәне қоршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілінүйренеді. Ойын арқылы баланың болашаққа көзқарас қалыптасады. Кішіге қамқорлық көрсету, әлсізді қорғау, ренжітпеу, жолдарымен ойын барысында бірлесе шешімқабылдау, басқа адамның еңбегін бағалай білу дегенді оларкүнделікті ойын негізінде сезінеді. Қандай ойын түрі болсын, дидактикалық па, шығармашылық па, қимылды ма, саусақ ойыны ма, сюжеттіме, драмалық болсын баланың ой-өрісін дамытады, сөздік қорын молайтады, адамгершілікқасиеттерін қалыптастырады, қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *