«Тәуелсіз елдің ұланымыз!»

Ментай

Эл. адрес

«Тәуелсіз елдің ұланымыз!»

Мақсаты:
Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру, балалардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.
Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.

Әнұранды орындау.

Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан Республикасы.

Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Бііздің президентіміз кім?

Балалар: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Балалар, Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз ба?

Иә, білеміз.

Ендеше атап берейікші.

Әнұран, Елтаңба, Ту.

Жарайсыңдар, балалар. Ендеше қазір сендермен ойын ойнап көрейікші. Ойынның шарты Рәміздерді көлеңкесі арқылы тауып көрейік.

Ойын: «Көлеңкесін тап»

Балалар, біздің туымыздың түсі қандай?

Көк.

Туда не бейнеленген?

Күн, қыран құс, қазақтың ұлттық ою-өрнегі.

Ендеше балалар, Туды құрастырып көрейікші.

Балалар, бүгін біздер Тәуелсіздік күнін атап өттік. Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды. Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап Тәуелсіздік жолында құрбан болған  Олар Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді аға-апаларымыз. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *