шалқан ертегісі
Айсулу Набиева Мадиевна
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған ашық оқу-қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: «Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау арқылы ой-қиялын дамыту.
Тәрбиелік : «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын,бірліктерін көрсету.
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісіндегі кейіпкерлер,көкөністер.
Әдіс-тәсіл: Кубизм тәсілі,4К , бала үні, саралау,көрініс, ертегі
Шаттық шеңбер
Сәлеметсің бе? Жер ана!
Сәлеметсің бе? Көк аспан!
Сәлеметсің бе? Достарым!
Сәлеметсіздер ме? Апайлар!
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар! Орнымызға отырайық.
Есік қағылады: Ата келеді.
Ата: Сәлеметсіздере ? Балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе?
Ата: Мен сіздерден көмек сұрап келдім. Мен шалқан егіп едім. Ол шалқаным үлкен болып өсті. Енді оны тартып жұла алмай тұрмын. Маған көмектесесіздер ме?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Әрине, ата біз сізге көмектесеміз. Бірақ алдымен біздің балалардың тапқырлығын тамашала. Мен сіздерге кубик лақтырамын. Кубикте әртүрлі ертегілердің суреті жапсырылған. Сол қай ертегі кейіпкерлері екенін табуларыңыз керек. Ендеше мен лақтырайын.
Балалар: «Жеті лақ», «Бауырсақ», «Шалқан», «Үш аю»
Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар сіздер көп ертегі біледі екенсіздер. Мынау қай ертегі. Ал, енді балалар атаға көмектесіп жіберейік.
Балалар: «Шалқан» ертегісінде
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыздар «Шалқан» ертегісі. Олай болса бүгінгі ашық оқу қызметіміз «Шалқан» ертегісі туралы болмақ.
«Шалқан» ертегісі орыс халқы ертегісі, балалар. Ертегінің негізінен көптеген түрлері бар. Олар:
- Қиял-ғажайып ертегісі
- Шыншыл ертегі
- Жан-жануарлар туралы ертегі
- Тұрмыс-салт ертегісі болып бөлінеді.
Ал,осы «Шалқан» ертегісі балалар тұрмыс-салт туралы ертегі.
«Шалқан» орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс. Шалқанның түсі сары немесе ақ болады. Шалқанның құрамында ағзамызға пайдалы көптеген дәрумендер бар. Балалар қараңыздаршы мынау қай ертегі кейіпкерлері.
Балалар: «Шалқан» ертегсінің кейіпкерлері
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыздар «Шалқан». Ендеше балалар рольдерге бөлініп ойнайықшы.
Ролдерде ойнағандар:
Ата: Меңдігерей Махмуд
Әже: Даниярқызы Салиха
Немере қызы: Батыржанқызы Айлин
Күшік: Ғибадат Бексұлтан
Мысық: Азатжанқызы Адина
Тышқан: Максим Ислам
Ендеше Бәріміз бірге Шалқан ертегісін тамашалайық!
Автор : Ерте,ерте ертеде,ешкі жүні бөртеде шал мен кемпір болыпты. Бір күні атай шалқан екті де:
Атай: Өс,шалқаным,тәтті боп өс!
Өс шалқаным, мықты боп өс!
Автор: Күндерден күн өтті, айлардан ай өтті. Шалқан өте үлкен,мықты болып өсті. Атай шалқанды әрі тартқылайды,бері тартқылайды,жұлып ала алмайды. Сөйтіп атай көмекке әжейді шақырады.
Әже: мен көмекке келдім.
Автор: Әже атайдан,атай шалқаннан тартып,жұлып ала ламайды.
Әже: -Атасы екеуміздің осыған күшіміз жетпейтін сиякты. Көмекке қызымызды шақырайық.
Автор:Сөйтіп көмекке қызын шақырады. Қызы әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартады. Алайда еш нәтиже болмайды.
Қызы: —Бізге көмекке тағы біреу керек сияқты. Мен күшігімді шақырайын.
Автор: Қызы көмекке күшігін шақырады. Күшігі қыздан,қыз әжесінен,әжесі атайдан,атай шалқаннан тартқылайды.
Күшік: Қанекей, біз көмекке мысықты шақырайық. Мысығым, мысығым келіп бізге көмектес.
Автор: күшік мысығын шақырады. Мысық күшіктен,күшік қыздан,қыз әжейден,әже атайдан,атай шалқанан тартқылайды, бері тартқылайды. Тағы ала алмайды.
Мысық: -Менің ойымша бізге тағы дакөмек керек сияқты. Тышқан, тышқан бізге көмектесші.
Автор: Барлығы бірге шалқанды тартады. Сол кезде шалқанды жерден жұлып алады. Әжей шалқанды қосып тамақ пісіреді. Бәрі дәмді тамақтан ауық тиеді.тышқан тамақты жеп отырып былай дейді:
Тышқан:-Бұл тағам өте дәмді екен. Егер келесі жолы тағы көмегім керек болса ,мені шақырындар. Мен шалқанды жақсы көремін дейді.
Сергіту сәті:
Тәрбиеші:Енді ,орнымызға орналасайық. Алдарыңызда «Шалқан» ертегісіндегі кейіпкерлер суреті берілген соларды құрастырып жіберіңдерші.Жақсы, керемет орындадыңыздар тапсырманы. Екі топта берілген тапсырманы жақсы орындады.
«Ретімен қоямыз» Шарты: Шалқан ертегісіндегі кейіпкерлерді ретімен қоя білу.Өте тамаша,балалар! Сіздер тапсырманы жақсы орындап шықтыңыздар. Ендеше өздеріңізді мадақтап жіберініздер. Қол соғып мадақтаймыз. Айгүл қуыршақ балаларға рақмет айтып топ балаларымен қалады.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар сіздерге «Шалқан» ертегісі ұнадыма?
-Иә,ұнады.
-Ата не екті?
-Шалқан екті.
-Шалқан қалай өсті?
— Үлкен болып.
-Ата неге көмек сұрады?
-Шалқанды тартуға.
-Көмекке кімдер келді?
-Әже,немере қызы,күшік,мысық,тышқан келді.
Тәрбиеші: Жарайсыздар,балалар. Сіздер бүгінгі оқу қызметіне өте тамаша қатыстыңыздар
Балаларды мадақтау: Сіздерге көп рақмет. Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды.