Сабақ доспары: «Дене мүшелері»

Жолдыбаева Ақмарал

Эл. адрес

Күні:

 

Тақырыбы: Дене мүшелері

 

(Сабақ бала деңгейіне қарай өзгертіліп, түрленіп отырады)

 

Мақсаты:

  1. Баланың өз дене мүшелері туралы түсініктерін қалыптастыру. Өз дене мүшелерін көрсете білуге үйрету,өз денесін бағдарлау мәрекетін жетілдіру.
  2. Өз дене мүшелерімен таныстыра отырып, тілдің лексикалық-грамматикалық құрылымын дамыту.
  3. Өз денсаулығын сақтауға деген қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыру және тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Артикуляциялық жаттығулар картасы және түрлі дидактикалық материалдар.

 

Оқу іс-кезеңдері

 

Логопедтің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық — Сәлеметсіңдер ме?
— Көңіл -күй қалай?
Жылулық шеңбер:  «Біздің көмекшілеріміз»

—         Балалар, адамдар ұйықтағанда олардың барлық дене мүшелері демалады, оянғанда оларға, «Қайырлы таң!» деп тілек білдіру керек.

Қайырлы таң, көздерім, сендер ояндыңдар! (Көздерін қолдарымен басу)

Қайырлы таң, құлақтарым, сендер ояндыңдар!(Құлақтарын ұстау)

Қайырлы таң, қолдарым, сендер ояндыңдар! (Шапалақтау)

Қайырлы таң, аяқтарым, сендер ояндыңдар!(Топырлату)

 

Тыныс алу жаттығуы:

«Жапырақтарды ұшыр» Мұрынмен терең дем алып, ауызбен дем шығару арқылы кішкентай жапырақтарды үрлеп ұшыру.

«Жасырынған жәндіктер» күзгі жапырақтар астына жасырынған жәндіктерді үрлеу арқылы табу.

Дыбыстық жаттығу:

Қуыршақ жылайды а-а-а-а

Машина келді би-бип,би-бип

Жел болды у-уууу

Артикуляциялық жаттығулар:

· «Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

· «Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.

· «Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/.

· «Тоқылдақ» – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек.

· «Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу.

 

— Сәлеметсіз бе?
— жақсы

Шаттық шеңберін құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-а-а-а-а

би-бип,би-бип

у-уууу

 

 

 

 

 

 Барлық жаттығуды маманмен бірлесе жасайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік Адамдардың бәрінде бас, дене, қол, аяқ бар. Қане, айнаға қарайықшы!

Біз нені көріп тұрмыз?

-Басымызды сипап, қол-аяғымызды көрсетейікші. (балалар өздерінің дене мүшелерін көрсетеді).

-Біздің шашымыз, көзіміз бірдей ме?

-Адамның дене мүшелерінің қайсысы көп, қайсысы біреу?

-Саусақ, шаш, кірпік-көп, ал мұрын, ауыз, тіл – біреу.

Бет- әлпет

Әрбір адамның бет-әлпеті бар. Бетті бірнеше бөліктерге бөлуге болады. Бет бөліктері: шеке, көз, мұрын, жақ, ауыз, иек. Беттің әр бөлігінің өзінің қызметі бар. Көз, құлақ, мұрын – бұлар сезім мүшелері.

Көз

Көз- көру мүшесі. Біз әр түрлі заттарды көреміз. Көздің көмегімен біз кітап оқимыз, теледидар көреміз, табиғатты тамашалаймыз. Көзді сақтауымыз керек.

Құлақ

Біз құлақпен әр түрлі дыбыстарды естиміз. Желді, құстар әнін, музыканы, адамдардың сөзін, бәрін біз құлақпен естиміз.құлағың ауырса  нашар естуі де мүмкін. Сондықтан құлақты сақтау керек!

Мұрын

Біз мұрынмен тыныс аламыз және иістерді айырамыз. Мұрын –иіс сезу мүшесі. Иіс сезу дегеніміз – бұл әр түрлі иістерді айыру.

Ауыз

Ауыз – бұл ерін, тіс, тіл.

Тіл- дәм сезу мүшесі. Тағамның тұздылығын, қышқылын, тәттілігін, ащысын  тіл арқылы сезінеміз. Тіл-сөйлеу мүшесі. Біз тіспен тамақты шайнаймыз. Тісті таңертең және кешке тіс щеткасымен, тіс пастасымен тазартып жүруіміз керек.Тісті сақтау керек.

 

 
Рефлексиялық-түзетушілік Сергіту сәті.:
А. Мыңжасарованың

 «Қайда екен» өлеңі

Қайда екен қолымыз,

Оңымыз бен солымыз.

Білеміз бе оны біз?

Міне, оң мен солымыз,

Міне, алақай қолымыз.

Қол соғайық, бір, екі!

Ал санайық, бір, екі!

Топылдатып билейтін

Аяғымыз қайда екен?

Міне, аяқ, алақай!

Міне, аяқ, алақай!

Бір, екі деп басайық,

Тез, тез адым жасайық.

Қоштасу шеңбері: «Көмекшілерге алғыс біліру»

Рақмет саған, көздерім, сендер бәрін көресіңдер.

Рақмет саған, құлақтарым, сендер бәрін естисіңдер.

Рақмет саған, қолдарым, сендер бәрін істейсіңдер. (Шапалақтау).

Рақмет саған, аяқтарым, енді, сендертопырлатып жүресіңдер. (Топырлату).

 

Қорытынды.

Мақтап-марапаттау.

 

 

 

 

Логопед маманға ілесіп бірге қимылдарды қайталайды.

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *