Бала өмірінде ойынның маңызы

Кенжегуль

Эл. адрес

Мукушева Кенжегуль Анескановна

Бала өмірінде ойынның маңызы.

 Адам жан дүниесінің  дамып жетілуі, әлеуметтік  өмірге бейімделіп тіршілік  етуі  әр түрлі іс  әрекеттермен шұғылдануы  барысында қалыптасады. Сондай  ірекеттердің   бірі-ойын. Ойын  әрекетінде  баланың  денесі мен ақыл ойы дамып, өзін  қоршаған  ортаның  заттары мен құбылыстарын танып біледі. Ойын  әрекетін  бала  психикасының дамуында шешуші қызмет  атақаратының  Ж.Аймауытов ,  С. Торайғаров  сияқты қоғам қайраткерлерінің  бізге мұра болып  қалған  еңбектерінде айрықша  орын алады.

         Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әр  алуан ойын түрлерін олардың  қимыл-қозғалыстарын,  ептілігі  мен бейімділігін, танымы мен пайымын дамытып, өрістетіп отырады деп санаған.

         Елімізге әйгілі психология саласындағы  ой пікірлері  қазіргі күннің  талабына сай жалғасып табуы міндетті нәрсе. Соңғы кездегі психология  ғылымы  саласындағы зерттеулер нітижесі балалардың  танымдық  қызығуын неғұрлым ертерек дамытса, соғұрлым олардың   болашақтағы оқу әрекеті жемісті болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

         Ойын –бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы  адам баласының белгілі бір буыны  қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психикалық  ерекшеліктерін  қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық ұжымдық сипат болады. Кез келген бала  еш уақытта жалғыз ойнамайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым –қатынас  жасайды. Ал мұның өзі баланың дамуы үшін ерекше  маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын  баланың түрлі  қасиеттерін дамытатын мұнда да баланың қабілеті, белсендіділігі бір сыдырғы байқалатын А.С. Макаренко өте жақсы көрсетті. «Үлкендер өмір үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет  ету  қандай орын алатын болса ,-Балалар өмірінде ойын да үлкен маңызды » екенің айтып өткен  болатын. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтанда келешекте адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады.

         Ойын адам әрекетінің  бір түрі  болғандықтан, оның  да өзіне тән мотивтері болады. Ойынның  қозғаушы күші –баланың нақты тілегі мен қызығуы. Ойын –бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі  ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі,  атын-түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.

         Ойын ұғымына анықтама берсек –бұл  адамның мінез-құлқын өзі басқаруымен  анықталатын әлеуметтік тәжірибені қалыптастыратын негізгі іс әрекеттің түрі. Ойынсыз ешқандай бала дамымайды, қалыптаспайды, ойын  арқылы бүлдіршіндер  қоршаған ортаны таниды. Әсіресе,  баланың өмірінде дидақтикалық ойындардың орны ерекше.

         Ойында бала «адамзат тәжірибесі  аясында »  өзін-өзі  көрсету  қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік бересе, екнші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді. Баланың танымын алғашқы күнінен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізгі қалыптастыратын –ойын әрекеті болып саналады. Орыс педагогы В.А. Сухомлинский : «Ойын  баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың  қалыптасуы мүмкін емес»-деген.

         Ойын  тек баланың іс-әрекеті ғана емес, ойын-еңбек, ойын –оқу,  ойын-әлеуметтік қарым-қатынаста ерекше орын   алатын әрекет түріне жатады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *