Балабақшада ойын технологиясын қолданудың маңыздылығы.

 

Жиемуратова Қойсын Нажмадинқызы

Балабақшада ойын технологиясын қолданудың маңыздылығы.

Ойын технологиясы – педагогикалық процесті әртүрлі педагогикалық ойындар  түрінде ұйымдастыру.  Бұл педагог қызметінің  дәйегі  бойынша: іріктеу, әзірлеу, ойындарды дайындау; балаларды ойын қызметіне қатыстыру; ойынды  қорытындылау.

 

Педагогтарға арналған психологиялық тренинг

Мақсаты:

педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту,

жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану,

құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.

 

Амандасу:
Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі топқа бөлінеміз.

1-топ 2-топқа барып бір-біріңізді мұрыныңызбен үйкелейсіздер. Ал екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер.

Бір-бірлеріңіздің жақсы қасиеттеріңізді айтып, яғни қайырымды жан екенін айтып, гүлді сыйлап бересіздер, дәл осылай жалғасады.

 

Ойын технологиясының  басты мақсаты:

–  мектепке дейінгі және балалардың даму деңгейін толыққанды мотивациялық негізін қалыптастыру үшін,  дағдылар мен қызмет шарттарына байланысты жұмыс істеу.

Оның міндеттері:

Білім мен дағдыны меңгерудегі  қажеттілікті түсінуде, баланың жеке белсенділігінің жоғары деңгейге жетуі.

Баланың белсенділігі мен қызметінің нәтижелілігін арттыратын құралдар таңдау.

Бірақ, кез келген педагогикалық технология сияқты, ойын технологиясыда мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

Технологиялық жүйе  – логикалық өзара байланысты функционалдық элементтердің технологиялық процестің сипаттамасына бөлінуі.

Ғылыми база – білім беру мақсаттарына жету үшін, белгілі бір ғылыми тұжырымдамаға сүйенуі.

Жүйелілік – технологияның барлық бөліктерінің өзара байланысы, тұтастығы, логикасының  болуы.

Басқарылуы – құралдар мен әдістерді түзету мақсатында, оқу процесін кезеңдік диагностикалау, қайта жоспарлау мүмкіндігінің болжануы.

Тиімділігі – белгілі бір стандартты оқытудың  тиімді нәтижелері бойынша кепілдік беруі.

Жаңадан өндірілуі – басқа білім беру мекемелерінде қолданылуы.

Ойын технологиясы балабақшаның  тәрбие және білім беру тараптарымен оның негізгі міндеттері шешімімен тығыз байланысты.

Ойын технологиясы  балаға:

Өзіне аса маңызды әлеуметтік рөлдерді

“тәлімгерлер мүмкіндігін “;  оқытылатын құбылысқа  қатысты (қанағаттандыруға бағдарланған танымдық қызығушылықтарын және шығармашылық қуаныш); “шынайы өмір” уақытында  біраз өмір сүруді береді.

Ойын технологиясының мәні:

ойын-сауық  және демалыс ғана емес, егер дұрыс басшылық жасалатын болса, оқыту тәсілі; шығармашылық қызметті іске асырушы;  әдіспен емдеу; ең бастысы баланың  ортаға әлеуметтенуінің  бірінші қадамы болып табылады.

Ойынның тәрбиелік және оқыту мағынасы мынаған тәуелді:

– ойын қызметінің әдістемесін білуіне;

– ойын түрлерін  ұйымдастыру немесе  басшылық жасау кезінде педагогтың  кәсіби шеберлігіне;

– жас және жеке мүмкіндіктеріне.

Қазіргі кезеңде ойын қызметі  өзіндік

технология ретінде пайдаланылады:

Тақырыпты меңгеру үшін немесе оқылатын материалдың мазмұны ретінде;  Ойын, әдетте, балалардың жеке бастамасы, сондықтан педагогтың басшылығы  ойын технологиясын  ұйымдастырудың  талаптарына сәйкес болуы тиіс:Ойынды таңдау – өз рұқсатын  талап ететін тәрбиелік міндеттерге  байланысты,  бірақ, балалардың  мүдделерін және қажеттіліктерін қанағаттандыру құралы болуға тиіс (балалар қызығушылық танытып, ойынға белсенді әрекет етеді және нәтижесін алады) қағидалары мен іс-қимыл техникасы ұсынылады;

Ойынды түсіндіру – қысқа, анық, тек балалардың қызығушылығы пайда болғаннан кейін айтылады;

Ойын жабдықтары –  ойынның  мазмұнына  барынша сәйкес келуі тиіс;

Ұжымдық ойынды ұйымдастыру – әрбір бала өзінің белсенділігін және ұйымдастырушылық біліктілігін танытуына болады. Осылайша, ойын міндеттері тұжырымдалады.  Балалар ойын барысына  қарай жеке-жеке, жұппен немесе топтармен, ұжыммен жұмыс істей алады.

Ойынның жағдайын дамыту – мынадай қағидаттарға негізделеді: балаларды ойынға  тарту,  мәжбүрлеудің  болмауы; ойын қарқынын ұстап тұру;

Ойынның аяқталуы – нәтижелердің талдануы нақты өмірдегі  іс жүзіне бағытталуы тиіс.

 

 

 

Сергіту сәті:

Көңілді

жаттығулар

жасаймыз

Музыкамен

Бәріміз бірге

 

Үстел үсті ойын:  «Жел» ойыны

Мақсаты:

Балалардың денсаулығын артыру, икемділік, шапшаңдылық, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Шарты:Үстел үстіндегі қағазды қатты үрлеп, оны жерге түсіруі керек.

Кім жылдам түсірсе, сол жеңімпаз.

 

“Кім көп сөз айтаы?” ойыны

Мақсаты:

Өткен сөздерді пысықтау,

логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Шарты:

Тәрбиеші тақырыпты айтады, балалар сол тақырыпқа байланысты сөздерді айтады.

Мысалы : “ойыншықтар”

Балалар: Доп, аю, Қуыршақ.  т.б.

 

Лабиринт ойыны нені дамытады?

Шындығында, барлық лабиринт жұмбақтары бір тиіпке жатады. Бала кедергілерді болдырмай, дұрыс және ереже бойынша жалғыз жалғыз жолды табу керек.

1.Зейінділік,

2.Табандылық.

3.Шыдамдылық

4.Логика

Белгілі ұсақ моторикалар да осындай ойын барысында дамиды. Ақыр соңында, сіз өзіңіздің сызықтарыңызда шатаспау үшін қарындашпен өте мұқият салуыңыз керек. Және бұл, таң қаларлықтай, сөйлеудің дамуына ықпал етеді, өйткені саусақтардың қозғалысына жауап беретін орталықтар

Сөйлеу орталықтарына жақын орналасқан.

«Лабиринт» ойыны

Шарты: Аю гаражға оралу керек, бірақ ол жолды еске түсіре алмайды.

Сіз оны таба аласыз ба?

 

Ешкі үйне жету үшін қай жолмен жүреді?
Аю гаражға оралу керек,
бірақ ол жолды еске түсіре алмайды.
Сіз оны таба аласыз ба?

Қорытынды:
Ойын технологиясы баланың физиологиясын ғана дамытпай, сонымен қатар тілін дамытады, логикалық ойлау қабілетін, қоршаған ортаға бейімделуіне, үлкен рөл атқарады. Ойынның әрбір түрінің өзіндік мақсат-міндеті, бағыты болады.

1 Ойын — әртүрлі жастағы балаларды өз еркінше дамыту әрекетінің түрі.

2 Ойын — бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айнала қоршаған әлемді тануы, сезіне білуі, жеке шығармашылығы үшін кеңістіктің ашылуы, өзін — өзі тануы және өзін — өзі көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады.

3 Ойын — мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің ең алғашқы баспалдағы, оның мінез-құлқының қалыптасуының бастапқы мектебі.

4 Ойын — даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды.

5 Ойын — балалар қарым — қатынасының негізгі ортасы; мұнда құрбы — құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым — қатынасы қалыптасады.

Ойын — балалар әрекетінің бір түрі.. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.

Н.К. Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» — дейді.

Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, әлеуметтанушылар зерттеуде. Мысалы, Иохан Хейзингтің «Ойыншы адам», Д.Б.Элькониннің «Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В. Вербицкий, Т.В. Кудрявцев, И.П. Пидкасистый, қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров, Г.М. Қасымова т.б. Балалар ойындарындағы ұстаздардың рөлі өте зор.

 

Орындаған тәрбиеші: Жиемуратова Қойсын Нажмадинқызы.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *