Баяндама

Набия Болатқызы

Эл. адрес

       Мектеп жасына дейінгі балалардың денешынықтыру жаттығуларын

ұйымдастыру жане жүргізу әдістері 

Әдетте дене шынықтыру жаттығулары 2-ші сәбилер тобынан бастап, айына екі-үш рет өткізілді. 2-ші сәби және естияр топтарында 20-30 мин., ересек топтарда 35-40 мин., мектепке дайындық тобында 40-50 минөтке дейін барады.

Мектеп жасына дейінгі мекемелерде дене шынықтыру жаттығулары күннің 2-ші жартысында, ашық ауада, түстен кейінгі тамақтан соң өткізіледі. Жазғы кезде денешынықтыру жаттығулары таңертеңгі тамақтан кейін, күннің 1-ші жартысында өткізіле береді. Дене шынықтыру жаттығуларын жоспарлау кезінде «Денсаулық күні», «Денешынықтыру мерекесі», «Демалыс» сияқты жұмыс формалары негізге алынады. Дене шынықтыру жаттығуларын бір деңгейдегі жас тобтарымен өткізген ыңғайлы. Мысалы, кіші және естияр топтар немесе ересекжәне мектепке дайындық топтары арасында біріктіріпөткізсе, балалардың да қызығушылығы арта түседі.

Балалардың белсенді тынығуына жұмыстың түрлерін таңдау арқылы жағдай жасалады. Мысалы, шынықтыру кезінде тәрбиешілер балалармен эстафеталық жарысойындарын өткізгенде, олардың көңіл-күйлері көтеріңкі болатынын, бар ынталарымен бірігіп ойнауға тырысатынынбайқауға болады.

Бұл орайда, педагогке ескере кертетін жәйттің бірі — балалардың ойын кезінде қатты қызынып кетуіне жолбермеу. Бірақ балалар ойынға шын беріліп, қызған кездебірден тоқтатуға болмайды. Егер тәрбиеші балалардың шынқызғанын байқаса, қолын көтеріп олардың үзіліс жасауларына мүмкіндік береді. Балалар аздап демалғаннан кейін ойынды жалғастыруға болады.

Балалардың дене шынықтыру жаттығуларын ұйымдастыру барысында балалардың киімі жыл мезгіліне лайықты болуын қадағалауды естен шығармаған жөн. Мұндай ермектері спорт балабақша алаңдарында немесе табиғат аясында, орманда, көлдің жағасында, жылғада немесебалабақша алаңдарында өткізіледі.

Олардың дене шынықтыру жаттығуларын жоспарлаған кезде тақырып мазмұнына қарай ұлттық дәстүрлерді ендіруескерілуге тиіс. Ермектерді жоспарлау кезінде үлкен ұйымдастырушылық дайындық және тақырыптың мазмұнына байланысты шығармашылық жұмыс істеудіқажет етеді.

Жаттығуларды әртүрлі үлгіде ұйымдастырып, жылмезгілдеріне, спорттық қызықты жағдайларға («денешынықтыру күні», «желаяқтар күні», «олимпиада» т.б.) қоғамдық мерекелерге байланысты өткізуге болады. Сәби және естияр топтағы дене шынықтыру жаттығуларын ертегінемесе әдеби кейіпкерлерді енгізе отырып, өткізуге («Тазшабала», «Алдар көсе»Аяз ата«) немесе «Көңілді алаңқайға ұшу», «Орманға жорық», «Қожанасырға қонаққа» т.б бейнелікөріністермен өткізуге болады.

Дене шынықтыру жаттығуларын өткізуде музыканыпайдалану өте пайдалы. Музыкалық шығармаларды қолдануды тиімді шығармашылықпен шешіп, орындағанда сергек,тіпті керек ететін марштың түрлерін қуат беретінәуендерді пайдаланып, гимнастикалық жаттығуларды ырғақты, қалықтай шалқитын әуенмен орындау, балалардың музыканы түсіне білуіне мүмкіндік туғызады. Мәселен, Е.Тиличееваның «Көңілді маршы» шарды, гүлдерді, ленталарды қолдана отырып жаттығуларды орындауға лайықты шығармалар. Сол сияқты А.Шниткенің «Этюды» екі аяқты қатар қосып, жеңіл секіруге ыңғайлы. Ал, аттракционды ойындарды жеңіл, көңілді, сергекәуенмен орындау керек, мысалы Т.Ломованың «Ізде«, «Кімжылдам?», Ю.Слонованың «Өткір көздер» шығармаларын қолдануға болады.

Балалардың дене шынықтыру жаттығуларын әр түрлі жастоптарында өткізуде тәрбиешінің алдында көптеген міндеттер тұрады. Сәби топтарында балаларды ұжымдық, топтық және жеке орындаудағы қимылдарын дұрыс жасайбілу әрекетіне үйрете отырып, көңіл-күйлерінің, ішкісезімдерінің көтеріңкі, шат болуына жағдай жасауға тиіс. Естияр топтарында әр баланың қимыл түрлерін шығармашылықпен орындауына, күш жігерін еркін көрсете білуін жағдай жасап, олардың дұрыс дағдылануын дамытуқажет.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *