Эльзаның сиқырлы кілті
Аймаханбетова Жанар Ермековна
Тақырыбы: Эльзаның сиқырлы кілті
№53 «Мерей» балабақшасының
мектепалды даярлық «Тұмар» тобының
I-санатты тәрбиешісі: Аймаханбетова Жанар Ермековна
Тақырыбы: Эльзаның сиқырлы кілті
Мақсаты: «Қыс» «Жабайы жануарлар»туралы білімдерін кеңейту, сөйлеу
дағдысын қалыптастыру.
Білімділік: балалардың өтіп жатқан жыл мезгілі жайлы білімдерін бекіту.
Жануарлар, олардың атауы, дене мүшелері, олардың өмір сүру ортасы
жайлыбілімдерін кеңейту. Жабайы
жануарар жайлы түсініктерін жалпылау. Зат есіммен етістіктерді дұрыс
қолдануға жаттықтыру.
Дамытушылық: тақырып бойынша сөздік қорларын молайту (зат есім,
етістік) зат есімнің көпше түрін жасауда жаттықтыру. Ұсақ, жалпы
моторикасын, дұрыс тыныс алуын, мимикалық бұлшық еттерін дамыту.
байланыстырып сөйлеуін дамыту, сұраққа толық сөйлемдермен жауап беруге
үйрету.
Тәрбиелік:бір-біріне көмектесуге, бастаған ісін соңына жеткізуге, шағын
топта жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық сабақ.
Сабақтың әдісі: бекіту.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, мақтау, көркем
сөздер, жұмбақтар, дидактикалық ойындар, сергіту жаттығуы, мадақтау,
қорытындылау.
Көрнекілігі: қысқы табиғат көрінісі, жануарлардың үлгі суреттері,
үлестірмелі ойын,
1.Ұйымдастыру кезеңі
«Қыс» жұмбақ
Суда мұз бар
Жерде қар бар
Боран борап соғад
Бұл қай мезгілдеболады? (қыс мезгілінде болады)
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Жыл мезгілдерін кім атап береді?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қыс айларын атаймыз
-Қазір қай ай?
2.Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?Өз
жауаптарыңды»қыста» сөзінен бастап айтып беріңдер.
Қыста – қар жауады
қыста – аяз болады
қыста – су бетіне мұз қатады
қыста – аққала жасаймыз
қыста – аю ұйқыда болады
қыста – күн суық болады
қыста – жер беті ақ қар болады
қыста – шанамен сырғанаймыз
Логопед: жарайсыңдар балалар. (почтаға хат келген музыка ойнайды).
Почтадағы видеоны қарау. Олаф (аққала) келіп картаны береді.
Аққала: сәлеметсіңдер ме балалар. Мен, аққала Олаф боламын. Маған
сендердің көмектерің қажет. Мен Эльзаның сиқырлы кілтін іздеп жүрмін.
Біз мына картадағы берілген орманға барып менің қолымдағы суреттің
қалған бөлшегін табуымыз қажет. Бірақ бізге ол жаққа баруға көлік керек.
Сендер мына тапсырманы орындасаңдар бізге орманға баруға жол ашылады.
1 тапсырма. Артикуляциялық жаттығу.
Жолға аттанбас бұрын біз артикуляциялық жаттығу жасап алайық.
Көңілді тіл – күнде ертемен көңілді тіл далаға шығып, жан – жағына
амандасады. (тілді сыртқа шығарып оңға-солға, жоғары-төменқозғалтамыз)
Қақпа – тістерімізді көрсетіп езу тартып күлеміз
Бақа – ерінімізді алдыға қарай жиырып созамыз.
Ат шауып келеді – күлеміз, аузымызды ашып, тілдің ұшын таңдайға апарып
тақылдатамыз.
Сол кезде әуен ойнап бұғы шанасымен келеді
Аққала: балалар біз мына шанаға отырып орманға аттанамыз.
Логопед: балалар қараңдар біз орманға келдік. Бірақ орманның
есігіндеқұлып тұр. Бізге орманға кіру үшін құлыпты ашуымыз қажет, қане
бәріміз саусақ жаттығуын олрындайық
2 тапсырма Саусақ жаттығуы «Құлып»
Есікте құлып ілулі
Кім оны аша алады? (Қолдар құлыпта)
Асықпай тартамыз, тартамыз (саусақтарды созамыз)
Айналдырамыз, тартамыз(қолдарды айналдырамыз, ашпай, созамыз)
Түбін соғамыз.(алақанның түбін соғамыз
Ашылды. (қолдарды ашамыз)
Логопед: Жарайсыңдар балалар құлып ашылды. Енді біз мына белгімен
жүріп отырып шыршаға баруымыз қажет.
3тапсырма. Жануарлар туралы әңгіме
-балалар орманда қандай жануарлар мекендейді?
-қасқыр, аю, қоян, түлкі, тиын, бұғы
-оларды қандай жануарлар деп айтамыз?
-жабайы жануарлар
-жануарлардың аяғы нешеу?
— жануарлардың 4 аяғы бар
-қыста ұйқыға кететін ол қай жануар?
-қыста аю ұйқыға кетеді
-ең қу жануар қайсысы?
-ең қу жануар,ол түлкі
-ал қыста қорғаныш үшін өз терісін өзгертетін қай жануар?
— ол қоян
Аққала : Жарайсыңдар балалар, сендер орман жануарлары туралы көп
мәлімет біледі екенсіңдер. Ал, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Сергіту сәті: «Пойыз
Жақсы балалар денеміз бір сергіп қалдық. Енді ары қарай жолымызды
жалғастырайық. (алдымыздан жануарлар шығады,бұғының мүйізінде
тапсырма болады)
4 тапсырма Бір – көп
Аю – аюлар
Қасқыр – қасқырлар
Шырша – шыршалар
Шана – шаналар
Аққала: Жақсы балалар, біз бұл тапсырмалардан да өттік. Ары қарай жолға
шығайық.
5 тапсырма. Тыныс алу жаттығуы: «Қарұлпаларын үрлеу»
Жоғарыда ілініп тұрған қарларды үрлеу арқылы, кедергіден өтеміз.
Аққала: балалар біз барлық тапсырмадан өтіп, үйшікке де жеттік. Біз
Эльзаның сиқырлы кілтін тапқан сияқтымыз.
Қар ханшайымы: үйшіктен шығып, сендер суреттеріңнің бөлшегін тек
менің тапсырмамды орындасаңдар ғана аласыңдар. Ал орындай алмасаңдар
мен сендерді мұз қылып қатырып тастаймын.
6 тапсырма. «Суретті жина»
Қима суретті жинау.
Қар ханшайымы: жарайсыңдар балалар. Сендер қандай жануарларды
құрастырдыңдар?
Аю, аққала және тиін.
Қар ханшайымынан суреттің бөлшегін алады. Барлық бөлшекті алып олар
балабақшаға оралады.
Аққала: рахмет балалар, сендер өте ақылды, білімді екенсіңдер. Мен
сендермен өте көңілді тапсырмаларды орындадым. Менің сендерге арналған
мақтау қағаздарым бар. Оны сендерге апайларың береді. Ал, ендеше сау
болыңдар балалар.
Қорытынды:
-Балалар бізге кім келіп, көмек сұрады? (аққала Олаф)
— біз қайда бардық? (орманға)
-орманда қандай жануарлармен кездестік?(аю, бұғы, тиын)
-қандай тапсырмаларды орындадық? (балалардың жауаптары)
-қар ханшайымы қандай тапсырма берді, біз нені құрастырдық? (қима
суреттерді)
-қар ханшайымынан не алдық? (кілт)
Жарайсыңдар балалар, тақтаға қараңдаршы бізде ненің көрінісі
шықты?(балалардың жауабы)