«15+9+х=30түріндегі құрылымы күрделі теңдеуді шешу. Жазбаша азайту тәсілдерін бекіту.»

Куаншбекова  Райхан  Буркитбаевна

Сабақтың тақырыбы:15+9+х=30 түріндегі құрылымы күрделі теңдеуді шешу.Жазбаша азайту тәсілдерін бекіту.

Сабақтың мақсаты: құрылымы күрделірек теңдеулер және оларды шешу тәсілі туралы білімдерін қалыптастыру.

Сабақ әдісі:түсіндіру,қайталау,тиянақтау.

Сабақ типі: Аралас сабақ

Сәлемдесу : Сәлем бердік бәріңе!

Сабағымызға келгендер,

Сәлем бердік бәріңе.

Ізгілікке сенгендер

Сәлем бердік бәріңе.

Өз бақытын өзгемен

Тең бөлісе білгендер,

Сәлем бердік бәріңе!

«Мен саған сенемін» тренингі

Ширату жаттығулары:«Кубизм»стратегиясы компоненттер жайлы мағлұмат  жинау

 От шашу арқылы бағалау

Тірек білімдерін жетілдіру.

1 Есептеу дағдыларын жетілдіру үшін «Кубизм», «Демонстрациялау», «Қай қатар мықты?» дидактикалық ойындарын ұйымдастыруға болады. Өтілген жағдайлардағы қосу және азайту дағдыларын пысықтау.

  1. Есептер шығару. Мұғалімнің жетекшілігімен балалар сурет бойынша есептер құрастырады және оларды шығарады және салыстырады.

 Оқушыларды топтың атауымен,ұранымен таныстыру.

1-топ: «Көріпкел» , «Келісіп пішкен тон келте болмас»

2-топ: «Жүзгіш» , «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

3-топ: «Тапқыр», «Төртеу түгел болса төбедегі келеді»

4-топ: «Желаяқ», «Көп түкірсе көл болар»

Үй тапсырмасын сұрап бағалау.

№6 есепті сұрап бағалау

Жаңа материалмен таныстыру. «Кубизм»стратегиясы арқылы қай топқа нешінші баған түсетіндігін анықтау.

№1. Өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықта.Олардың мәнін тап.

15+9+3 = 27             (35+23)+14 =72           70-(5+6)= 59        14 + (17 — 3)=28

(30-15)+4=19           48+(45-30) = 63           80-(13+9)=58      ( 17 — 8) + 0= 9

Сергіту сәтін ұйымдастыру . «Қаңқалар»

№2 Суретті қара. «Демонстрациялау» стратегиясы.Әр топтан бір оқушыдан шығып қораптарды жинақтаумен түсіндіру «Бағыттаушы сұрақ»Құрамы қандай?

Сурет бойынша теңдеу құрастыр.

15+9+х=30

24+х=30

Х=30-24

Х=6

15+9+6=30

Бұл теңдеуді бірден шешуге бола ма?Алдымен оны жеңілдету, яғни қарапайым теңдеуге айналдыру керек. Мүмкін сен теңдеудің сол жақ бөлігінің қосындысын табу керек екенін байқаған шығарсың.

      Теңдеудің мұндай түрін шешу үшін алдымен есептеуге болатындарын орындап, оның сол жақ бөлігін жеңілдету керек.

№3 Теңдеуді шеш. «Кім жылдам?»ойыны

 

35+23+Х=100. Х=42  Х- (23+17)=60. Х=100   70-А =8+9+2.     А=51   Х+9= 29-10.    Х=19

(30-15)+У=80.  У=65  А+(45-30)=75.  А=60   Х+12=50-(15+5). Х=18 а +(34+26)=100. Х=40

 

№4 Баған түрінде есептеп, дұрыстығын тексер.

46+44 =90          98-35= 63            50-17= 33       37+19=56

57+29 =86          100-89=11           90-65=25       70+19=89

50-38 = 12          70-63=7               57+18= 75      17+9=26

№5 Теңдеу құрастырып,есептерді шығар.  Практикалық жұмыс

Әрбір оқушының алдында белгіленген жіпті өлшеп оның қиып алу

а) Ұзындығы 56 м оралған сым темірден бірнеше метр қиып алынғаннан кейін, тағы 14 м қалды. Орамнан неше метр сым қиып алынды?

Х+14 =56

Х=56-14

Х=42

Қосымша ауызша орындау.

№6 а) Қабырғасы 3 см шаршының  периметрін тап.

 

 

 

ә) Тіктөртбұрыштың қабырғаларын өлше. Оның периметрін тап.

Рефлексия.

  ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *