Жасымда ғылым бар деп ескермедім. Абай Құнанбайұлы
Жасымда ғылым бар деп ескермедім Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім. Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?...