Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім

Сайт ережесі (жалпы ереже)

Осы Bilimger.kz веб-порталын қолдана отырып, төмендегі талаптармен (ережемен) тікелей келісуіңіз керек:

Сайтқа кез-келген пайдаланушы тыйым салынған тақырыптардан басқа кез-келген тақырыптарда мақала жариялай алуға құқылы

Тыйым салынған контенттер (мақалалар):

  • діни тақырыптардағы
  • саяси тақырыптардағы
  • ұятсыз сөздер, біреуді қорлауға арналған контенттер
  • кез-келген адамның жеке өміріне қатысы бар (немесе ғайбат) контенттер
  • Қазақстан Республикасы заңнамасына қарама-қайшы
  • Сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз жарнама

Бұл веб-порталда тәрбиелік мәні бар, ғибрат пен адамзатқа пайда әкелетін контенттер жариялауға шақырамыз. Қолданушылар жариялаған мақалалардың грамматикалық және де басқа да қателіктеріне сайт әкімшілігі жауап бермейді (тікелей контент авторы жауап береді). Сайтқа жарияланған әрбір пікірге тікелей сол пікір авторы жауапты. Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы пікірлер тікелей, ескертусіз өшіріледі. 

Осы сайттан алынған кез-келген контентте осы сайтқа тікелей сілтеме көрсетілуі тиіс.

Сайтта жарияланған жарнамалардың мәтініне тікелей жарнама беруші жауапты.

Сайтта заңға қайшы мақала немесе пікір көрсеңіз шұғыл түрде сайт әкімшілігіне хабарласуыңызды сұраймыз.

 

 

Сайттан құжат тапсырыс беру ережесі

ТОО «UMOS GROUP» компаниясы қызметін пайдаланушылық келісімі!

Bilimger.kz веб-порталы (әрі қарай «компания»)

1. Компания тапсырыс беруші жіберген материалдарды өзгертуге, жартылай алып тастауға, сайтқа жариялауға, сайтқа жартысын жариялауға, материалдарды (техникалық жұмыстарға байланысты) кешіктіріп жариялауға  немесе материалдарды мүлдем жарияламауға құқылы.

 

2. Сайт тарапынан тапсырыс берушінің электронды почтасына немесе факты мекен жайына жіберілген құжаттар екінші қайта жіберу ақылы.

 

3. Жіберілген құжаттарда көрсетілген мәліметтер компания тарапынан өзгертілмейді. Құжаттағы мәліметтерде тапсырыс беруші тарапынан қате кеткен болса, құжатты қайта дайындау ақылы.

 

4. Ұйымдастырылған акция шарттары бойынша, тапсырыс беруші акция шартын толық орындамаған жағдайда, компания қызметі тапсырыс берушінің тапсырысын орындамауға құқылы. Құжаттар дұрыстауға қайта жіберіледі. Қателікті дұрыстауға қайта жіберілген құжаттар дайындау уақыты тапсырысты қайта жіберген күннен бастап 20 жұмыс күні аралығы.

 

5. Тапсырыс беруші тапсырысы (дұрыс немесе қате болған жағдайда) бір рет қаралған болса,  төлемақы қайтарылмайды.

 

6. Құжаттар тек қазақ тілінде берілетіндіктен, тапсырыс беруші мәліметтері тек қазақ тілінде болуы тиіс.

 

7. Жіберілген құжаттарды тапсырыс берушінің алғаны немесе алмағанына компания жауап бермейді. Тапсырыс беруші жіберілгендігі туралы мәлімдеме ала алады! Құжаттарды қайта жіберу ақылы.

 

8. Бір сертификатқа бір материал тақырыбы жазылады. Сертификат, құрмет грамотасы және алғыс хат тек қазақ тілінде.

 

9. Бір эл.почтадан келген хаттар бір ұжым болып есептеледі.

 

10. Тапсырыстар қай эл.почтмен келген болса, құжаттар сол эл.почтаға жіберіледі. Басқа эл.почтаға жіберуге қатаң тыйым салынады.

 

11. Тапсырыспен келген бір Word — материал бір адамның тапсырысы болып есептеледі. Әр тапсырыс берушінің материалы әр Word-файлда жеке-жеке болуы тиіс.

 

*НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! 

ҚАБЫЛДАНАТЫН МАТЕРИАЛДАР: САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ, БАЯНДАМА, ЭССЕ, ҚМЖ, ҰМЖ, ОМЖ, ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА, КОУЧИНГ

*БІЛІМ ПОРТАЛЫНДА МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР, СЦЕНАРИЙ, ЕРТЕҢГІЛІКТЕР ЖӘНЕ СОЛАРДЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР САБАҚТАР ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ.

*ДІНИ ЖӘНЕ САЯСИ КӨЗҚАРАСТАҒЫ МАҚАЛАЛАР ЖАРИЯЛАНБАЙДЫ

*БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ МУЗЫКА БӨЛІМІ ЖОҚ. ОСЫ АТАЛҒАН ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІ ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ТАҚЫРЫБЫНА БАЯНДАМА НЕМЕСЕ ЭССЕ ЖІБЕРСЕ БОЛАДЫ.

 

Сайтқа материал жіберу арқылы және құжаттарға тапсырыс беру, сіз осы ережелермен келіскеніңіз болып есептеледі.